Атырау, 24 желтоқсан 23:33
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Аналарға тамақ тиесілі емес

- Неліктен жұқпалы аурулар ауруханасында тек бала емізетін әйелдер ғана тамақтандырылады? Онда да тамақ жартымсыз беріледі. Үш жасқа дейінгі балаларымен бірге жататын басқа аналарға ешқандай тамақ берілмейді. Ал егер шұғыл ауылдан жеткізілген балалы ана болса, қалада оған тамақ әкелетін ешкім жоқ қой? 23 қараша 2017, 00:00 12 635 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Анықтама тиесілі

 – Күйеуім Теңіз кенішінде жүргізуші болып жұмыс жасайды. 5 баламыз бар. Бір баламыз – мүгедек (жүрегі ауырады). Мен еш жерде жұмыс жасамаймын, балаларымды қараймын. Балаларымның біреуі - бірнеше айлық сәби. Табыс салығы бойынша төлемдерді азайту үшін күйеуім жұмысының есеп бөліміне өтініш берді. Ондағылар әйелінің жұмыс жасамайтыны туралы анықтама сұратып отыр... 1 маусым 2017, 00:00 4 467 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Зейнетақы көп болса жәрдемақы берілмейді

Біз бір пәтерде үш адам тұрамыз. Мен зейнеткермін, қызым ІІ топ мүгедегі әрі жалғызбасты ана және оның 8 жасар қызы бар. Қызым 41 мың теңге мүгедектік жәрдемақысын алады. Балаға 18 жасқа толғанша жәрдемақы алу үшін тоқсан сайын бір рет құжаттар тапсырады. Оның табысы азық-түлік себетінің құнынан асып кетеді деген негізбен оған жәрдемақы тағайындаудан бас тартып отыр. Ал мен азық-түлік себетінің мөлшері 24 мың теңгеден асады деп естідім. Ендеше екі адамға 48 мың теңге шамасында болуы тиіс қой. Ал менің қызым бұл сомадан аз алады. Әлде олар менің зейнетақымды да есептеп отыр ма? 18 мамыр 2017, 00:00 3 022 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әр сәбидің өз несібесі бар

– Бір айдан кейін декреттік демалысқа шығамын. Сәбиім тамыздың аяғында дүниеге келуі тиіс. Өзім жеке фирмада жұмыс жасаймын. Осыған байланысты – сәби дүниеге келгенде қандай жәрдемақы тиесілі – тек менің кәсіпорнымнан ба әлде мемлекеттен де жәрдемақы беріле ме? 18 мамыр 2017, 00:00 3 530 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көршілер келіспеген жағдайда

– Біз көп жылдан бері Мир даңғылы, 66 үй, 1-пәтер мекен-жайындағы апатты үйде тұрамыз. Бұл ауданда екі қатарлы үш ескі үй орналасқан. Балабақшаның салынуына байланысты олардың екеуі күреледі. Ал біздің үй тағы да назардан тыс қалды. Бірақ, ол көп уақыттан бері апатты деп танылған және бөлшектеніп бұзылып жатыр. Көршілеріміздің бір бөлігі әкімдіктен өздеріне біздің ескі үйіміз орналасқан ауданнан, яғни, Балықшыдан пәтер беруді сұрайды. Біз үшін бұл міндетті емес, кез-келген ауданнан жаңа баспана берілсе қуаныштымыз. Бастысы – құлап жатқан ғимараттан тезірек кетіп қалғымыз келеді. Биыл біздің үйіміз күреле ме? Ағымдағы жылы қандай апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу жоспарланып отыр?..  18 мамыр 2017, 00:00 3 390 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Балалар және таблеткалар

– 1 жасқа дейінгі және 5 жасқа дейінгі балаларға тегін дәрі-дәрмектердің берілуін кім және қалай тексереді? Дәрі-дәрмектердің берілуі әлдебір журналға белгіленуі тиіс пе, бәлкім, оларды алған кезде ата-аналар қолдарын қоюы тиіс шығар? Менің екі балам бар. Тегін рецепт бойынша бірде-бір тегін дәрі-дәрмек алып көрген емеспін. Бәлкім, ешқашан оларды сұрап көрмегендіктен шығар. Бірақ, біздің учаскелік дәрігерлер бұл дәрмектердің бізге тиесілі екенін біледі ғой. Мен емханаға тіркелгенмін, бір жерлерде осы жастағы балалардың есебі жүргізілетін шығар, қажетті дәрі-дәрмектер берілетін болар. Олар қайда кетіп жатыр? 1 жасқа дейінгі және 5 жасқа дейінгі балаларға қандай дәрі-дәрмектер тиесілі? 13 сәуір 2017, 00:00 3 256 рет қаралды
Сұрақ-жауап

ЭКСПО-ға дейін 3 ай бар

Күйеу балам әйелім екеумізге ЭКСПО-ға уақыты белгіленбеген күнге билет тарту етті. Біз көрме күндері Астанаға бара алатындығымызға сенімді емеспіз. Бізге билетті тапсырып, ақшасының белгілі бір пайызын қайтаруға бола ма? Көршілерім бұған тырысудың да қажеті жоқ, зейнеткерлер үшін билеттер қымбат емес, дейді. Ал әйелім екеумізді ақшаның далаға кететіні қынжылтады. 2 наурыз 2017, 00:00 3 340 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жаңа маршруттар қажет

Мечников – Баймұқанов көпірімен Атырау ықшамауданынан қала орталығына қарай, мәселен, Балықшы поселкесіне дейін жүретін автобус маршрутын шығара ма? Қазір бұл көпірдің үстімен жалғыз №11 автобус маршруты (Жұмыскер – «Дина» базары) өтеді. Бірақ бұл жеткіліксіз. 8 қыркүйек 2016, 00:00 2 711 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Балаңыздың қасында болғыңыз келсе, ақы төлеңіз

Отбасы мүшелері ауруханада мынадай жағдайға тап болды: егер баланың жасы 3-тен асқан болса, онда ол ауруханаға жалғыз жатқызылады екен. Ал, ата-аналары бірге жатуды қадала өтінген жағдайда ақы төлеуге тиіс. Облыстық балалар ауруханасында бір тәулік үшін 1 800 теңге төленсе, жұқпалы аурулар ауруханасында – 1 600 теңгеден. Әрі олардың қай-қайсысында да қосымша төсек берілмейді. Бұл сонда қайдан шыққан тәртіп, ақшаны қандай негізге сүйеніп алып отыр? 2 маусым 2016, 00:00 2 778 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жол зардабы

Ленин атындағы №1 мектепке апаратын кірме жолдар мен жаяу жүргіншілер жолы қашан салынады? Балалар сабаққа бару үшін балшықтың бетіне төселген тақталардың үстімен жүреді. Сегіз жыл бұрын осы мәселені қалалық билік алдына қойған едік, әлі жауап ала алмадық. 28 сәуір 2016, 00:00 2 367 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Шипажайға үш жастан бастап барады

– Менің екі жастағы балама бронх демікпесі деген диагноз қойды. Мұндай диагнозы бар балаларды біздің облысымызда қалай емдейді? Қандай да бір емдеу шаралары жүргізіле ме? Осындай диагнозбен балалар есепке алына ма? Қандай мамандар қандай бақылау жүргізеді? Мұндай диагнозбен балаларға сауықтыру шипажайларына жолдама, сондай-ақ, емделуге квота беріле ме? Егер берілетін болса, қайда барып жолығады, қалай рәсімдеу керек? 14 сәуір 2016, 00:00 2 581 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Әкесінің қызы

– Әкем қайтыс болғаннан кейін тұрғын үй мұраға қалды. Біз онда анамыз екеуміз тұрамыз, басқа мұрагерлер жоқ. Ресми түрде олар үйленбеген, алайда өмір бойы бірге өмір сүрді. Тіпті менің туу туралы куәлігімде де әкемнің аты көрсетілмеген. Мен мұраны өз атыма ресімдеу үшін нотариалдық кеңсеге жүгінген кезде, нотариус заң бойынша мұраға құқылы куәлікті беруден бас тартты. Нотариус маған әке-шешімнің туыстық қарым-қатынас фактісін анықтау туралы шағыммен сотқа жүгіну керектігімді түсіндірді. Нотариустың айтуы дұрыс па? 10 наурыз 2016, 00:00 3 113 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Жәрдемақы ала алады

– Мен ІІ топ мүгедегі ретінде жәрдемақы аламын. Бұдан басқа, 7 жасар баламды бір өзім тәрбиелеп келемін. Әдетте тоқсанда бір рет тағы бала жәрдемақысын алатын едім, осы тоқсанда бұл жәрдемақыны беруден бас тартты. Неліктен? 10 наурыз 2016, 00:00 3 036 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Жастарға арналған баспана

- Жолдасымыз екеуміздің жасымыз 21-де, баламыз бар. «Жас Отау» бағдарламасы бойынша облысымызда жас отбасыларға үй тапсырудың қашан жүзеге асатынын білгіміз келеді. Аталған бағдарлама бойынша үй кезегіне тұру үшін қандай құжаттар жинақтау керек? 11 ақпан 2016, 00:00 4 127 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Зейнетақы жұмыс өтіліне байланысты

– Әкем 2016 жылы қыркүйекте зейнеткерлік жасқа жетеді, алайда бес жыл бұрын ол қысқартуға іліккен еді, содан бері еш жерде жұмыс жасамады. Ал, анам, керісінше, балаларын туғаннан кейін еш жерде жұмыс жасамаған. Әкем қысқартуға ұшырағаннан кейін жұмысқа шығуға мәжбүр болды. Ол тек мектеп бітіргеннен кейін тұрмысқа шыққанша жұмыс істеген. 12 жылдық өтілі бар. Оған зейнетақы қалай есептеледі? 11 ақпан 2016, 00:00 3 925 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​9% баршаға тиесілі емес

– 14 қаңтарда мен жас ерекшелігіне байланысты зейнетақыны ресімдеуді бастадым. Мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлеу орталығындағылар маған ағымдағы жылы тоғыз пайызға көтерілетін зейнетақы тиесілі емес екенін хабарлады. Неліктен? 11 ақпан 2016, 00:00 3 060 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Кезекпен беріледі

– Әкем қалалық мүгедектер қоғамының мүшесі. Алайда неше жылдан бері қоғамнан ешқандай көмек алмайды. Бірақ ірі компаниялар мерекелерге орай ақшалай және азық-түлікпен көмектесіп, мүгедектерге үнемі қолдау көрсетіп отырады деп естідім. Әкем жарналарды тұрақты төлеп тұрады. Мүгедектерге қандай принцип бойынша көмек көрсетіледі? 21 қаңтар 2016, 00:00 2 422 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Таңдаулылар тұратын тұрақ

- Привокзальный ықшамауданындағы 3-емхананың алдында үлкен көлік тұрағы бар, алайда оған кіретін жол шлагбауммен жабулы тұрды, көлігімді жол бойына тастап кетуге мәжбүр болдым. Шалшық су, балшық болса да, бала жетектеген ересек адамдар көліктерін жолдың арғы жағына қойып, жаяу келуге мәжбүр. Алайда кең көлік тұрағының аумағы жартылай бос тұрады, бұл жерге тек қызметкерлер өз көліктерін қояды. Мекеме басшылығынан неге шлагбаум қойып, келген адамдарды неге кіргізбейтінін сұрағым келеді. 31 желтоқсан 2015, 00:00 2 578 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Біржолғы материалдық көмек туралы

- Мені эпилепсиямен ауыратын 15 жастағы мүгедек балам Бекмұрат Қалбайға берілетін біржолғы материалдық көмек мөлшерінің жылдан-жылға азайып бара жатқандығы алаңдатады. Өткен жылы біржолғы материалдық көмек ретінде 30 000 теңге алсам, биыл 15 000 теңге ғана берілді. Бұл ақша баламды Алматыдағы «Ақсай» балалар клиникасында ем алуға апаруыма мүлдем жетпей қалды. Жылына бір рет берілетін материалдық көмекті жыл сайын шу шығарып, айлап жүріп әзер аламын. Тіпті, өткен жылы тиесілі ақшамды прокуратураның араласуымен алдым. 17 желтоқсан 2015, 00:00 7 347 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жоғалған адамның мұрасы

– Менің азаматтық некедегі күйеуім 5 жылдан астам уақыт бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Біздің ортақ баламыз бар, ол әке деп танылды. Балам оның фамилиясын алды. Күйеуімнің мүлкі – екі пәтері бар. Бір пәтерде менің жоғалып кеткен күйеуімнің қызы отбасымен, ал екіншісінде оның алыс туыстары тұрады. Бірінші пәтер сату-сатып алу келісімшарты бойынша баламның әкесіне, екіншісі жекешелендіру туралы келісімшарт бойынша оған және оның бірінші некедегі балаларына (ұлы мен қызына) тиесілі. Мен баламның мүліктік үлесін алғым келеді, бірақ оның үлкен балалары мүлікті бөлуге қарсы, мұндай жағдайда қалай әрекет еткен жөн? 3 желтоқсан 2015, 00:00 3 895 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бірінші сынып проблемасы

–№3 мектеп-гимназиясында бастауыш мектепке арналған оқу кабинеттері жетіспейді. Бірінші сыныптардың бірінде оқитын балалардың ата-аналарынан ақша жинап, мектеп дәлізінен кабинет жарақтау ұсынылыпты. Қазір бірнеше бірінші сынып жоғарғы звено жақта оқуда. Бұл бірінші сыныптықтар үшін өте қолайсыз әрі қауіпті. Таяу уақытта №3 мектептің жүгіне қатысты проблема шешілер ме екен? 3 желтоқсан 2015, 00:00 5 049 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Балабақша мәселесі

– Балам №18 балабақшаға барады. Оның тобында, тізімге сәйкес, 75 адам тұр. Менің пікірімше, бұған мүлдем жол беруге болмайды. Оның үстіне, әртүрлі жастағы балалардан тұратын топтар бар. Қалалық білім беру бөлімінің қайда қарап отырғанын және бұл берекетсіздіктің қашан аяқталатынын білгім келеді. 1 қазан 2015, 00:00 3 632 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Қай мектепті таңдаймыз?

- Біз Лесхозда тұрамыз. Екі үлкен баламыз №3 мектепке барады. Кішісі биыл бірінші сыныпқа барады. Мекенжайы бойынша ол №28 мектепке баруы керек, алайда бұл қазақ мектебі, балам қазақша сөйлей алмайды. Мен баламды №3 немесе №33 мектепке орналастырғым келген, алайда мектеп директоры мекенжайымыз бойынша оқу керек деп, алудан бас тартып отыр. Туындап отырған осы жағдайды шешіп беруге көмектесуіңізді сұраймыз, мектепке бара алмай қаламыз ба деген қауіп бар. 3 қыркүйек 2015, 00:00 2 690 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Даярлық сыныбына екінші рет барады

- Менің қызым былтыр мектепке даярлық сыныбына барды. Енді биыл оны 1-сыныпқа берейік десек, мектеп басшылығы бізге қызымның жасы 6-ға толмағанын айтып, қабылдамай отыр (ол 17 қыркүйекте 6-ға толады). Ол оқуды да, есеп шығаруды да біледі. Сондықтан, даярлық сыныбында енді оған қызық емес. Неге ата-аналарға баланың жасына байланысты даярлық сыныбында екі жыл қатарынан оқытуға тура келетінін басында ескертпейді? 3 қыркүйек 2015, 00:00 2 606 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Ұлымның құқығы бар ма?

– Мен Ресей Федерациясының азаматымын, Қазақстанда мекенжай қағазымен өмір сүрудемін. Ұлым Қазақстанда дүниеге келген. Оған ЖИН беруге қол жеткізе алмай келемін. Үнемі бас тартады. Ұлымның Қазақстаннан ЖИН алуға құқығы бар ма? 13 тамыз 2015, 00:00 2 344 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Жеңілдіктің жыры

– Жақында әлеуметтік жоба шеңберінде «Атаба» компаниялар тобы зейнеткерлер үшін тауарларға 10 пайыз жеңілдік ұсыну туралы меморандумға қол қойды. Мен зейнеткермін, бірақ «Атаба» уәде еткен жеңілдік картасын ресімдей алар емеспін. Жилгородоктағы «Атаба» супермаркетінде уәде етілген жеңілдік картасын ресімдеу үшін маған алдымен 3000 теңгеге тауар алу керектігімді айтты. Тек осыдан кейін ғана мен картаны ресімдей алады екенмін. Онда да тек әртүрлі күні белгілі бір азық-түліктерге ғана жеңілдік ұсынады. Мәселен, бір күні әлдебір сүт өнімі, басқа күні – жармалар және т.б. Яғни, меморандумға қол қойылған кезде айтылғандай уәде етілген жеңілдікті мен әр уақытта пайдалана алмаймын.Балықшыдағы «Атаба» супермаркетінде маған картаны тек дүйсенбі мен бейсенбіде ғана ресімдей алатынымды және жеңілдіктің тек нан мен сүтке ғана қолданылатынын айтты.Зейнеткерлерге осы картаны ресімдеу үшін нақты шарты қандай екенін білгім келеді. Уәде етілген 10 пайыздық жеңілдік қандай тауарларға беріледі? 30 шілде 2015, 00:00 2 551 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Табиғи болмыс

- Менің 13 жастағы сіңлім ер балаларша киініп, ер балаларша жүріп-тұрады. Шашын ер балалардың шашындай алдырады. Ер балалармен ғана дос, олармен бірге әжетханаға да барады. Қазір өсіп келе жатқан омырауын жасыру үшін бүкірейіп, қабаттанып киініп жүреді. «Сен қыз баласың» деген әңгімені тыңдағысы келмейді. Қайтпек керек? 30 шілде 2015, 00:00 2 715 рет қаралды