Атырау, 25 желтоқсан 12:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Зейнетақы көп болса жәрдемақы берілмейді

2 914 просмотра

Біз бір пәтерде үш адам тұрамыз. Мен зейнеткермін, қызым ІІ топ мүгедегі әрі жалғызбасты ана және оның 8 жасар қызы бар. Қызым 41 мың теңге мүгедектік жәрдемақысын алады. Балаға 18 жасқа толғанша жәрдемақы алу үшін тоқсан сайын бір рет құжаттар тапсырады. Оның табысы азық-түлік себетінің құнынан асып кетеді деген негізбен оған жәрдемақы тағайындаудан бас тартып отыр. Ал мен азық-түлік себетінің мөлшері 24 мың теңгеден асады деп естідім. Ендеше екі адамға 48 мың теңге шамасында болуы тиіс қой. Ал менің қызым бұл сомадан аз алады. Әлде олар менің зейнетақымды да есептеп отыр ма?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім бастығы Жанар ҚАСИДЕНОВА жауап берді:

– 2017 жылы төменгі күнкөріс минимумы 22 677 теңгеге тең, ал азық-түлік себетінің мөлшері күнкөріс минимумының 60%-ын құрайды, яғни, 13 606 теңге. Мүгедек әйелдің алатын зейнетақысының мөлшері 41 мың теңге. 2 адамға (оған және кәмелетке толмаған қызына) есептегенде сома бәрібір 13 606 теңгеден жоғары. Сондықтан оған жәрдемақы төленбейді. Қызымен және немересімен бірге тұратын қарт әйелдің зейнетақысы есептелмейді.

18 мамыр 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.