Атырау, 13 қараша 19:06
 дождьВ Атырау +7.2
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

Қазақстанда

Мәжіліс рақымшылық туралы заңды қарауына алды Қазақстанда

Мәжіліс рақымшылық туралы заңды қарауына алды

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты ұсынылған рақымшылық жасау туралы заң парламент мәжілісінің қарауына түсті деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуына қарағанда, рақымшылық ол туралы заң қабылданып, күшіне енгеннен кейінгі алты ай ішінде жүргізіледі,- деп хабарлады Азаттық. 30 қараша 2016, 10:56 2 851 рет қаралды
Нұрсұлтан Назарбаев қариялар мен ата-ананы қастерлеуге шақырды  Қазақстанда

Нұрсұлтан Назарбаев қариялар мен ата-ананы қастерлеуге шақырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта болып, «бақыт» ұғымы төңірегінде ой қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бейнежазба 30 қараша 2016, 09:56 3 535 рет қаралды
Алматы облысындағы ағайынды үш кісінің өлімі бойынша сот үкімі шықты Қазақстанда

Алматы облысындағы ағайынды үш кісінің өлімі бойынша сот үкімі шықты

Алматы облысының Қаскелең аудандық сотында бүгін Көксу ауданының тұрғындары, мал сатумен айналысқан ағайынды кісілердің өліміне қатысты сот үкімі шықты. Ағайынды үш ер адам - Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлықанұлы мен Қадылбек Әлімхан осы күзде жоғалып, кейін өлі күйінде табылған,- деп хабарлады Азаттық. 29 қараша 2016, 15:56 2 819 рет қаралды
Журналист Бигелді Ғабдуллинді қамаудан босатпады Қазақстанда

Журналист Бигелді Ғабдуллинді қамаудан босатпады

Central Asia Monitor газетінің бас редакторы әрі Radiotochka.kz порталының шығарушысы Бигелді Ғабдуллин қамауда қалды. Сот Ғабдуллиннің адвокаттары Мұхамедияров пен Сармановтың оны қамаудан үйқамаққа шығару туралы шағымын қанағаттандырмады,- деп хабарлады Азаттық. 29 қараша 2016, 12:10 1 501 рет қаралды
Қазақстанда жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы әзірленеді Қазақстанда

Қазақстанда жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы әзірленеді

Бақытжан Сағынтаевтың Министрлер кабинеті Қазақстанда жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға тартудың жаңа тетіктерін қарастыруда, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 29 қараша 2016, 11:46 2 284 рет қаралды
Арыстанбек Мұxамедиұлы Facebook парақшасын жабудың себебін айтты   Қазақстанда

Арыстанбек Мұxамедиұлы Facebook парақшасын жабудың себебін айтты

Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы жақында ғана ашқан Facebook парақшасын жабудың себебін айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Үкімет үйінен. 29 қараша 2016, 11:41 2 315 рет қаралды
Қарағанды соты мұғалім Юрий Пактің үкімін өзгертпеді Қазақстанда

Қарағанды соты мұғалім Юрий Пактің үкімін өзгертпеді

Қарағандыда физика пәнінің мұғалімі, "жалған терроризм" айыбымен екі жылға сотталған Юрий Пактің үкімі өзгертілмеді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот Пактің үкімге берген апелляциялық шағымын қанағаттандырмады,- деп хабарлады Азаттық. 29 қараша 2016, 10:16 1 733 рет қаралды
Президент тұрғын үй құрылысы бағдарламасын кері қайтарды   Қазақстанда

Президент тұрғын үй құрылысы бағдарламасын кері қайтарды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын қайта пысықтауды тапсырды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 29 қараша 2016, 10:07 2 130 рет қаралды
Алматы облысы: Есіктегі "топ болып зорлау" ісі бойынша сот үкімі шықты Қазақстанда

Алматы облысы: Есіктегі "топ болып зорлау" ісі бойынша сот үкімі шықты

Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ аудандық сотында бүгін тұрғын Жібек Мусинованы топ болып зорлау ісіне қатысты сот үкімі жарияланды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Сот бұл іске қатысты төрт адамды қылмыстық кодекстің "Адам зорлау", "Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері", "Адам ұрлау" және "Бұзақылық" баптары бойынша айыпты деп тапты. Айыпталушылар Асхат Бектұрсын - 10 жыл, Елтай Нұрбол - 9 жыл, Алмас Ермеков - 9 жыл алты ай, Ербол Ермеков 8 жылға сотталды. Сот іс материалы бойынша салонында зорлық қылмысы іске асты делінген көлікті тәркілеуге қаулы шығарды,- деп хабарлады Азаттық. 28 қараша 2016, 16:20 3 342 рет қаралды
Қуаныш Сұлтанов: Әлеуметтiк желiдегi сын көңiлiме тиедi  Қазақстанда

Қуаныш Сұлтанов: Әлеуметтiк желiдегi сын көңiлiме тиедi

Астана атауын өзгертуге қатысты әлеуметтiк желiде айтылып жатқан сыни пiкiрлер Мәжiлiс депутаты Қуаныш Сұлтановтың көңiлiне тиедi екен. Оның айтуынша, ұсыныс-пiкiрдi сынауға болады, бiрақ жеке басқа тиiсуге болмайды, деп xабарлайды Baq.kz. 28 қараша 2016, 14:29 2 410 рет қаралды
Алматыда БАҚ туралы заңға өзгерістерді талқылады Қазақстанда

Алматыда БАҚ туралы заңға өзгерістерді талқылады

Алматыда бүгін ақпарат және коммуникация мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына қатысты қоғамдық тыңдау басталды. Тыңдау "Әділсөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымының бастамасымен өтіп жатыр. Жиынға ақпарат және коммуникация министрлігінің өкілі Бекзат Рахымов қатысып жатыр,- деп хабарлады Азаттық. 28 қараша 2016, 14:12 2 790 рет қаралды
Боқаев пен Аянов 5 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын алды «Жер митингілері» туралы іс

Боқаев пен Аянов 5 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын алды

28 қарашада Атырауда «жер митингісі» туралы іс бойынша сот процесінде Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты үкім жарияланды. Олардың екеуі де 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сурет Бейнежазба 28 қараша 2016, 11:07 12 100 рет қаралды
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды Қазақстанда

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

"Қайрат" пен КСРО құрамасының бұрынғы қорғаушысы Сейілда Байшақов ҚФФ кезектен тыс XIV конференциясында Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 28 қараша 2016, 12:09 2 307 рет қаралды
Елбасы: Қазақстан халқы команданте Фидель Кастроны тарихи тұлға ретінде есінде сақтайды Қазақстанда

Елбасы: Қазақстан халқы команданте Фидель Кастроны тарихи тұлға ретінде есінде сақтайды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Модесто Кастро Русқа көңіл айту жеделхатын жолдады,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 28 қараша 2016, 09:45 2 097 рет қаралды
Елбасы: «Астана - бұл бренд. Елорданың атын ауыстыру қажет емес» Қазақстанда

Елбасы: «Астана - бұл бренд. Елорданың атын ауыстыру қажет емес»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» арнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы Астананың атауын ауыстыруға байланысты пікірін айтып өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бейнежазба 25 қараша 2016, 15:31 6 234 рет қаралды
Қазақстан ауыр атлетика құрамасының бас бапкері отставкаға кетті Қазақстанда

Қазақстан ауыр атлетика құрамасының бас бапкері отставкаға кетті

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни отставкаға кетті. Бұл туралы бүгін, 25 қарашада Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 25 қараша 2016, 14:30 2 726 рет қаралды
Назарбаев: Мен көп уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқаным үшін сын естимін  Қазақстанда

Назарбаев: Мен көп уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқаным үшін сын естимін

Нұрсұлтан Назарбаев өз жұмысының тиімділігі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақорданың баспасөз қызметі Facebook желісінде Қазақстан Президентінің Bloomberg News агенттігіне берген сұхбатының үзіндісін жариялады. Бейнежазба 25 қараша 2016, 10:41 3 646 рет қаралды
Алматыдан 271 км аймақта 4,5 балдық жер сілкінісі қайталанды   Қазақстанда

Алматыдан 271 км аймақта 4,5 балдық жер сілкінісі қайталанды

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» 2016 жылдың 25 қарашасы күні Алматы уақыты бойынша сағат 08-55-тер шамасында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 25 қараша 2016, 10:12 1 955 рет қаралды