Атырау, 13 қазан 19:20
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақ тілінде ғарыш терминдерінінің сөздігі жасалды

3 931 просмотра

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компания қызметкерлерінің бастамасымен ғарыш терминдерінің орыс-қазақ тіліндегі сөздігі құрастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы Шолпан Малғаздарованың айтқанындай, терминологиялық сөздікті жасау жұмыстары 2006 жылы басталған.

«Қазақстан ірі ғарыштық жобаларды жасауға кірісіп, ғарыш саласындағы техникалық, күрделі, арнайы терминдерді аударудың қажеттілігі туындады», - деп еске алды Ш.Малғаздарова. Бірнеше жылдар бойы ғарыш терминінде жиі қолданылатын сөздер топтамасы жинақталып, бүгінде сөздікке ғарыш қызметінде пайдаланылатын 640 сөздер мен терминдер, аббревиатуралар мен олардың түсіндірмесі кірістірілді. Жақында ғана саламызға «дистанционное зондирование Земли», «система высокоточной спутниковой навигации» секілді сөз тіркестері енді және олардың ана тіліміздегі нақты аудармаларын беру керек болды, мысалы: Жерді қашықтықтан зондтау, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі», - деді сөздікті жасау бастамашысы Ш.Малғаздарова.

Статистикаға сүйенсек, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ұжымының жартылай дерлік бөлігі қазақ тілін үйрену курстарынан өтіп, сертификаттарға ие болды. Бұған қоса, курс қатысушыларының жартысынан көбі қазақ тілінде еркін сөйлейтіндер.

Әзірге, 2012 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы комиссиясы бекіткен ғарыш терминдерінің сөздігі электронды нұсқада қолданылуда. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ компаниясының алдағы жоспарында аталмыш зияткерлік еңбектің авторлық құқығын белгілеп, Қазақстандағы тұңғыш ғарыш терминдерінің орыс-қазақ тіліндегі сөздігін шығару бар.

Дереккөз: ҚазАқпарат

25 қараша 2016, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.