Атырау, 19 мамыр 08:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қарағанды соты мұғалім Юрий Пактің үкімін өзгертпеді

1 479 просмотра

Фото: Аzattyq.org

Қарағандыда физика пәнінің мұғалімі, "жалған терроризм" айыбымен екі жылға сотталған Юрий Пактің үкімі өзгертілмеді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот Пактің үкімге берген апелляциялық шағымын қанағаттандырмады,- деп хабарлады Азаттық.

Сот Пактің қорғаушысының дәйектерін үкімді өзгертуге "қауқарсыз" деп тапты. Үкім жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Жаза мерзімі сотталушы қамауға алынған 2016 жылдың 3 қазанынан бастап есептеледі.

Сот шағымды екі отырыста қарады. Сот отырыстарына Пактің жақтастары мен журналистер ғана емес, қазақстандық адам құқығы бюросының өкілі де қатысты. Жарыссөз кезінде Пак айыпты мойындаған жоқ. Адвокаты Сергей Ким істе "қылмыс құрамы жоқ болғандықтан" соттан Пакты ақтауды сұраған. Адвокат Юрий Пактің телефонын әлдекімдер қашықтан бұзып, бомба қойылғаны туралы сыртынан қоңырау соққан.

Прокуратура өкілі жарыссөзде үкімді заңды және әділетті деп санайтынын айтып, соттан оны өзгертпеуді сұраған.

Дереккөз: Аzattyq.org

29 қараша 2016, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.