Атырау, 22 желтоқсан 14:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Арыстанбек Мұxамедиұлы Facebook парақшасын жабудың себебін айтты

2 237 рет қаралды

Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы жақында ғана ашқан Facebook парақшасын жабудың себебін айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Үкімет үйінен.

«Мен ол парақшаны ашқаныма еш өкінбеймін. Екі күннен кейін оны қайтадан ашамыз. Бәлкім, барлығы мені көп шындықты айтып қоя ма деп қорыққан шығар. Негізгі себеп сол деп ойлаймын. Мен ол парақшаны өзім жүргіземін. Кешкі уақытта», - деді А.Мұxамедиұлы. Алайда министр «шындықтан қорқатындар» кім екенін айтқан жоқ.

Айта кетейік, 26 қараша күні ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбук әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашқан болатын. «Қадірлі достар! Мен мәдениет пен спортқа қатысты нақты ақпараттарды бөлісуге, сондай-ақ осы саладағы барлық маңызды мәселелерді талқылау үшін Facebook әлеуметтік желісінде парақша ашуды жөн көрдім. Сонымен қатар, осы парақша арқылы жас режиссерлермен, суретшілермен, әртістермен, әншілермен және де көптеген дарынды тұлғалармен тілдесуге әрі байланыс орнатуға дайынмын. Себебі біздің қасиетті жеріміз талантты жандарға кенде емес. Өзімнің достарыма сапалы «кері байланыс» пен қолдау білдіргендері үшін зор алғысымды білдіремін. Барлық ой-пікірлерді жеке өзім оқуға және мүмкіндігінше жауап беруге тырысамын», -деп жазған болатын министр.

Алайда кеше, қарашаның 28-і күні А.Мұxамедиұлының парақшасы жабылып қалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

29 қараша 2016, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.