Атырау, 13 қазан 19:27
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Өскеменде көпірдің опырылу себептерін арнайы комиссия анықтайды

1 857 просмотра

Фото: 24.kz

Өскеменде көпірдің опырылу себептерін арнайы комиссия анықтайды, - деп хабарлайды 24 Хабар телеарнасы.

Еске салайық, кеше таңғы уақытта Өскеменде Ертіс өзеніндегі көпір опырылған еді, оқиға кезінде көпірде 6 адам болған. Абырой болғанда ешқайсысы суға құламаған, ал біреуі аяғын шығарып алған.

Енді мердігерлер көпірдегі қозғалысты тоқтатпау үшін жұмысты бірнеше кезеңмен жүргізіп келгені белгілі болып отыр. Аяқталған оң және сол қанаттары пайдалануға берілді. Енді ортаңғы тұсы жөнделіп, көпір бүтінделуі керек еді.

Оқиғаның мән-жайын прокурорлар анықтап жатыр. "Жұмыстар тоқтатылды. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Алдын ала болжамдар бойынша көпірдің 5 тіреуіші апатты жағдайда тұрған. Бұл ескі бөлігі болғандықтан механикалық түрде құлатылу керек болатын. Сондықтан көпірдің ол бөлігімен көлік мүлде жүрген емес", - деді қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов.

Дереккөз: 24.kz

25 қараша 2016, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.