Атырау, 20 тамыз 19:07
 дождьВ Атырау +26.8
$ 462.22
€ 536.50
₽ 5.43

Атырауда

СПИД нашақорлардың ғана дерті емес Басқа жаңалықтар

СПИД нашақорлардың ғана дерті емес

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні атап өтіледі. 1993 жылы Атырау облысында ВИЧ-ке шалдыққан алғашқы пациент тіркелген кезден бері 230 жағдай анықталды. Әсіресе, Атырауда жақында ВИЧ-ке шалдыққан алғашқы сәбидің тіркелгені жабырқатады. 29 қараша 2016, 11:10 2 676 рет қаралды
АХАТ-қа тіркеу мерзімі күшейтілді Басқа жаңалықтар

АХАТ-қа тіркеу мерзімі күшейтілді

Жаңа ереже бойынша баланың туылғаны туралы өтінішті бала дүниеге келген күннен бастап үш жұмыс күнінен қалдырмай беру керек. Бұдан бұрын ол екі ай мерзімді құрайтын. Бұл туралы құрамына азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі (АХАТ) кіретін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегілер хабарлады. 28 қараша 2016, 12:42 4 633 рет қаралды
Несиелер де, көтермеақылар да қызықтырмай отыр Басқа жаңалықтар

Несиелер де, көтермеақылар да қызықтырмай отыр

11 ай ішінде бюджет қаржыларын игеру 98,5% құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғайша ӘБЕЖАН хабарлады. 28 қараша 2016, 12:00 3 317 рет қаралды
Әлеуметтік желідегі сурет үшін әйелін өлтіре жаздады Оқиға

Әлеуметтік желідегі сурет үшін әйелін өлтіре жаздады

Атырау қаласы прокурорының орынбасары Айбек ҚАНАТБЕКОВТЫҢ айтуынша, осы жылдың мамыр айында Атырау қаласының К. есімді азаматы әйелінің VKontakte әлеуметтік желісіндегі парақшасынан бейтаныс ер адамның жанында тұрған суретін көріп қалады. Мәселенің байыбына бармастан, қызғанышпен әйелін соққыға жығып, асхана пышағымен ауыр дәрежеде дене жарақатын салады. 25 қараша 2016, 14:42 2 613 рет қаралды
Бес қармақтан және бес келіден аспау керек Басқа жаңалықтар

Бес қармақтан және бес келіден аспау керек

Жайық өзенін алғашқы мұз құрсаған кезде, көп адам қармағын алып өзенге қарай ағылды. Осыған орай Атырау орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы су айдындарындағы әуесқойлықпен балық аулау ережесін еске салады. 24 қараша 2016, 00:00 2 747 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

«Жасөспірім» жедел-алдын алу операциясы жүргізілген үш күн ішінде кәмелетке толмаған 500-дей жасөспірім полицияға жеткізілді. Көпшілігін түнгі сағат 23-тен кейін көшеде, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүргені үшін ұстаған. Базарлар мен вокзалдардан 20-дан астам панасыз балалар табылды, берекетсіз отбасынан шыққан 30 бала есепке қойылды. Бұдан басқа, жасөспірімдерге спирттік ішімдіктер мен шылымдар сату фактілері бойынша 29 әкімшілік хаттама жасақталды. 23 қараша 2016, 20:44 3 104 рет қаралды
Құлсарының енді өз футбол федерациясы бар Спорт

Құлсарының енді өз футбол федерациясы бар

Жылыой ауданының әкімшілік орталығында «Құлсары футбол Федерациясы» құрылды. Оның бастамашылары – жергілікті футболсүйерлер. Президент болып Жылыой ауданының әкімі сайланды, ал вице-президенті - кәсіпкер Талғат АҒИСОВ. 24 қараша 2016, 00:00 3 024 рет қаралды