Атырау, 27 қараша 19:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Министр Дүйсенова зейнетақылар мен жәрдемақылар туралы

Сурет
3 529 просмотра

16 наурызда облыстық әкімдікте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара ДҮЙСЕНОВА мен облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ қатысуымен кеңес өтті. Біздің облысымызға министрдің жұмыс сапарымен келуі халықты жұмыспен қамту және зейнетақы мен жәрдемақылар мөлшерін көтеру мәселелерін түсіндіруге байланысты болып отыр.

Тамара Дүйсенова жиналғандарға алдағы уақытта зейнетақы мен жәрдемақының өсетіндігі туралы әңгімеледі. Зейнетақының төменгі мөлшері (базалық зейнетақы есебімен) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңгені құрайды, ал 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ол 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақы есебімен) 2017 жылы 1 шілдеден бастап 60 167 теңгеден (2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап) 66 676 теңгеге дейін көтеріледі. Сәбидің дүниеге келуіне байланысты бір мәрте берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға, ал 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тағы 20 пайызға көтерілетін болады. Нәтижесінде 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы өсім 27 пайызды құрайды.


Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

16 наурыз 2017, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.