Атырау, 27 қараша 19:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Микронесиелер 18 миллионға дейін өсті

3 411 просмотра

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында микронесие алу үшін қажетті құжаттардың тізімі 15-тен аспайды. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара ДҮЙСЕНОВА Атырау облысына келген сапарында мәлімдеді.

Ол бағдарламаның үш бағыты туралы әңгімеледі. Біріншіден, бұл 15-24 жас аралығындағы жастардың колледждерде 2,5 жылға дейінгі оқу мерзімінде тегін кәсіби техникалық білім алуы. Бұл ең алдымен мектеп бітірген соң басқа оқу орнына түсе алмаған жастарға қатысты. Биыл 21 мыңнан астам адамды техникалық және кәсіби біліммен қамту жоспарланып отыр. Оқу шығындары, шәкіртақылар, жол жүру және тұру ақысы, бір мәрте ыстық тағаммен қамтуды үкімет өз мойнына алады. Бұдан басқа, колледждерде, «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары мен кәсіпорындардың оқу орталықтарында жұмыссыздар қатарындағы басқа тұрғындар санатына арналған қысқа мерзімді кәсіби білім алу курстары (1-6 ай) өткізіледі.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша бизнеспен айналысқысы келетін жұмыссыздарға несиелер беріледі. Қалаларда мұны «Даму» қоры, ал ауылдарда Ауыл шаруашылығын қолдау қоры мен Аграрлық несиелеу корпорациясы қолға алады. Міне, осы жерде кедергі туындады.

- Бұрын «Бизнестің жол картасын» жүзеге асыру кезінде микронесиелеумен тек Ауыл кәсіпкерлігін қолдау қоры айналысты және құжаттардың саны 15-тен аспады. Ал жаңа бағдарламаны жүзеге асыру үшін үш министрлік бірлесіп, несиелеу ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы жүзеге асырылады деп ұйғарылған кезде, Аграрлық несиелеу корпорациясы желісі бойынша сұралатын құжаттардың саны 30-дан асатын болып шықты. Өңірлерге түсіндіру үшін  барған кезде облыс, аудан әкімдері, осы қолдау шарасын пайдаланғысы келетін кәсіпкерлер шағымдана бастады. Біз осы мәселені Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауына жібердік. 10 наурызда құжаттар санын 15-ке дейін қысқарту туралы бұйрық әзірленді, - дейді Т.Дүйсекенова. 

Ұсынылатын микронесиелердің жоғарғы мөлшері 5 жылға дейінгі мерзімге (мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы кооперативтері – 7 жылға дейін) және 6 пайызға дейінгі жылдық мөлшерлемемен 8 мың АЕК-ке (18 млн теңге) дейін өсті. Аграрлық несиелік корпорация арқылы несиелер беру кезінде несиелердің кепілдік механизмі енгізілді: жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 85 пайызға дейін және жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер үшін 50 пайызға дейін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 наурыз 2017, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.