17 наурызда облыстық мәслихаттың кезектен тыс Х сессиясы өтті. Алдымен депутаттар ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Чапай ЗҰЛҚАШТЫ «Атырау облысының құрметті азаматы» атағын алуымен құттықтады. Ақсақалға куәлікті облыс әкімінің орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ табыс етті.
2017 жылғы облыс бюджетін нақтылау туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғайша ӘБЕЖАН баяндама оқыды.
2016 жылы 174 млрд 370 млн теңге жоспар бойынша облыс бюджетіне 200 млрд 195 млн теңге түсті. Қалдық 26 млрд-тан астам теңгені құрады. Бұдан басқа, облыс бюджетіне республикалық бюджеттен 1 млрд 566 млн теңге көлемінде трансферт түсті. Оның 943 млн теңгесі коммуналдық баспана құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, 587 млн теңге - нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында несиелеуге, 7,6 млн теңге - ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға және 28,4 млн теңгесі – полицейлерге санат бойынша еңбекақыларына үстемеақы ретінде жұмсалады.
Н. Әбежан жергілікті бюджеттің шығыстар бөлігіндегі ақшалардың қалай бөлінетіндігін хабарлады.
Қолданыстағы ҚР Бюджет кодексіне сәйкес, 1 наурызға дейін мемлекет бюджетіне өткен жылы пайдаланылмаған трансферт сомасын қайтару қажет. Осылайша, 317 млн теңге аударылды.
Депутаттардың қарауына келесі көлемдегі салалар бойынша қаржыландыру ұсынылды:
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге - 2 млрд 309 млн теңге. Ақшалар Миялыдағы туберкулезге қарсы күрес ауруханасының ғимаратын Қызылқоға аудандық АІІБ әкімшілік ғимаратына қайта жарақтаудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін, облыстық ІІД-нің материалдық-техникалық базасын жақсартуға және басқа да шығындар үшін қолданылады.
Білім саласына - 1 млрд 303 млн теңге, соның ішінде есту және көру ағзалары зақымдалған балаларды оқыту үшін заманауи жабдықтар алуға; «Тұлпар» демалыс лагерін күрделі жөндеуге; оқушыларды тасымалдау үшін автобустар сатып алуға; Жылыой технологиялық мұнай және газ колледжіне «кран машинисі» мамандығы бойынша оқитын оқушылар үшін «Paskal TAK-1» жаттығу құрылғысын сатып алуға; жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алуға;
Денсаулық сақтау саласына - 2 млрд 092 млн теңге, соның ішінде облыстық онкологиялық диспансерге химия-терапевтік препараттарды дайындау үшін жабдықтар сатып алуға; халықты тұмауға қарсы және мақсаттық топтағы балаларды «А» вирусты гепатитінен вакциналауға;
Әлеуметтік қорғауға - 314 млн теңге, соның ішінде мүгедектер үшін көмекші жабдықтар, жүруге арналған құрылғылар мен тифло және сурдоаппаратуралар сатып алуға; мереке күндері тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына бір мәрте жәрдемақылар төлеуге жұмсалады.
Сумен суару қызметін субсидиялауға - 153 млн теңге; ауыл шаруашылығын дамытуды субсидиялау үшін ауыл шаруашылығы басқармасына - 885 млн теңге; КАМАЗ және ДУК-1 арнайы техникасын сатып алу үшін ветеринария басқармасына – 184 млн теңге; табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қоршаған ортаға мониторинг жасау үшін заманауи жабдықтар сатып алуға - 145 млн теңге; сәулет және қала құрылысы басқармасына өңірлерді дамыту картасын құруға – 150 млн теңге; кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына – 949 млн теңге, соның ішінде фармацевтикалық зауыттың коммуникациялық инфрақұрылымын қосымша қаржыландыруға және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына жаңа бастаушы кәсіпкерлерді несиелеуге.
13 млрд 883 млн теңге сомаға облыстық бюджеттің инвестициялық жобалары қаржыландырылады. Соның ішінде Қызылқоға ауданының Сағыз ауылындағы «Балауса» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізеді, Атырау қаласындағы Тасқала поселкесінен дәрігерлік амбулатория, Индербор поселкесінен сорғы станциясы мен кәріздік жүйелер, Атырау қаласының Томарлы поселкесінен клуб, Махамбет ауданының Сарытоғай ауылынан мәдениет үйін, Исатай ауданының Аққыстау ауылынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, Индер ауданындағы Қ.Абақанов, М.Сиранов және Б.Нысанбаев атындағы мектептерге спорт алаңдарын, сондай-ақ, Атырау қаласындағы Кеңөзек ауылынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салады.
Көлік жолдарын дамытуға 1 млрд 867 млн теңге бөлінеді.
Исатай ауданындағы Аққыстау ауылынан теміржол арқылы жаяу жүргінші өткелі салынады, Жаңа Жамбай, Зинеден және Томан ауылдарындағы кірме және поселкеішілік жолдар қалпына келтіріледі.
Индер ауданында Аққала мен Ынтымақ ауылдарына кіретін және ауылішілік жолдарды, аяқжолдарды күрделі жөндеу жоспарланған. Махамбет поселкесіндегі жолдарды күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Құрманғазы ауданында Жасталап пен Жыланды ауылдарындағы кірме жолдарды қалпына келтіру, Котяевка-Шортанбай жолдарын және Шортанбай ауылындағы ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу күтіліп отыр.
Махамбет поселкесіндегі Мерей ықшамауданына газ жүргізуге 150 млн теңге бөлінді. Махамбет ауданы Махамбет ауылындағы Шаттық ықшамауданы мен Талдыкөл ауылына электр жүргізуге де осындай қаржы бөлінді.
3 млрд 813 млн теңге көлеміндегі транш Мақат поселкесіндегі теміржол вокзалы маңындағы орталық алаң мен бақты қалпына келтіруге, жүргізушілер үшін арнайы ХҚКО салуға, Атырау қаласындағы Самал ықшамауданынан өрт сөндіру депосын салуға және Махамбет ауданындағы Тереңөзек каналын күрделі жөндеуге жұмсалады.
Облыстық ТЖД мен аудандық бөлімшелер үшін арнайы техника сатып алуға 1 млрд 693 млн теңге бөлінеді.
Депутаттар бірауыздан бюджеттегі нақтылауды бекіту үшін дауыс берді. Содан кейін Атырау облысындағы «ЖылыойМұнайГаз» МГӨБ-ның 43 жастағы қызметкері, танымал ақын, көптеген айтыстардың жеңімпазы Салауат ИСАҚАЕВТЫ Құрмет грамотасымен марапаттау үшін дауыс берді.
Бұдан басқа, депутаттармен облыстық ревизия комиссиясының төрағасы Марат МҰРЗИЕВТІҢ өтінішіне сәйкес отставкаға кетуі туралы ҚР Есеп комитеті төрағасының шешімі мақұлданды.
Өз сөзінде Ғ.Дүйсембаев тағы да бүкіл атыраулықтарды жазда «EXPO-2017» көрмесіне баруға шақырды. Ол үшін «Атырау-Астана» пойызына тағы бір тіркемелі вагон қосылатын болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор