Атырау, 5 тамыз 10:10
 дождьВ Атырау +25.9
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82

Жилгородоктағы жағалауда қамыс өртенді

3 141 рет қаралды


17 наурызда Жилгородоктағы жағалауда қураған қамыстар өртенді.

ТЖД-нің бізге хабарлағанындай, өрт туралы дабыл сағат 21.09-да түскен. Өртті сөндіруге екі бірлік техника жұмылдырылып, жалын сағат 22.08-де сөндірілді.

1 500 шаршы метрдей алаңдағы өткен жылғы шөптер мен қамыс өртенген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртену себебі белгісіз.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

 

18 наурыз 2017, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.