Атырау, 27 қараша 19:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жылу трассасы күрделі жөндеуден өтпек

2 431 просмотра

Бүгінгі күні Нұрсая ықшамауданын жылумен қамтамасыз етіп отырған Авангардтағы 4-ші ықшамауданнан Фин жылужайына дейін бағзы заманда тартылған диаметрі 500 миллиметр болатын магистралды жерасты жылу трассасы 15 сәуірден бастап апатты жағдайға байланысты күрделі жөндеуден өткізілмек. Бұл туралы «Атырау жылу жүйелері» АҚ хабарлады.

Алайда, бұл жылыту маусымының аяқталуына қарай Нұрсаяда ыстық суды да тоқтатады дегенді білдірмейді. «Армада» қонақ үйінен Досмұхамедов (бұрынғы Московская) көшесінің қиылысына дейін Құрманғазы көшесінің бойымен жер астынан уақытша жылумен жабдықтау жүйесі тартылатын болады. Жерасты құбырларын жөндеу бойынша бастапқы жұмыстар жоспар бойынша 3 сәуірден, яғни, ор қазыла бастағанда басталмақ. Сол кезде бұл көшелерде автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 наурыз 2017, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.