Өткен жылдан бері қалалық әкімдік қала маңындағы тұрғын үй массивтеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар (ИКИ) салу жобасын жүзеге асыруда. Бұл жаңа салынған үйлерге сумен, газбен, электрмен қамту жүйелерін жүргізу, көше жарығы мен жолдар салу жұмыстары.
Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Өмірбек КАМАЛОВ хабарлағандай, биыл қала маңындағы Көкарна (қосымша бұру), Тасқала, Қайнар (Тасқала-4), Водников-3, Балауса, Көктем, Өркен, Сарқамыс-2, Жұлдыз-2,3, Бесікты, Ақжар, Еркінқала және Самал поселкелерінде ИКИ құрылыстары бойынша жұмыстар аяқталады.
Еркінқала-2, Талғайраң мен Водников-2 поселкелерінде сумен қамту жүйелерін ғана жүргізеді. Камаловтың айтуынша, ол жерде қалған жүйелер бар (жолдардан басқа, бірақ бұл ТКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөліміне қойылатын мәселе).
Тізімде, сонымен қатар, Нұрсая-3 массиві белгіленген. Ол жерде көше жарығынсыз бүкіл ИКИ спектрі жүргізілетін болады.
- Жобалау құжаттары дер кезінде дайын болмады, - деп қынжылды Камалов.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ