Атырау, 6 қыркүйек 03:46
 дождьВ Атырау +20.2
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Оқиға

Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Полицияға Атыраудың 43 жастағы тұрғыны шағымданды: 16 қаңтарға қараған түні ол Досмұхамедов көшесіндегі өз үйінің асүйінен бейтаныс адамды көреді. Ол адам сынған терезе арқылы секіріп, қашып кеткен. Ұрының ғимаратқа асүй терезесін сындырып кіргені анықталды. Полиция арсызды ұстады. Ол Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу жүргізілуде. 19 қаңтар 2017, 00:00 3 797 рет қаралды
​Атырауда ұйымдасқан қылмыстық топ жезөкшелерден қорқытып ақша алып отырған Оқиға

​Атырауда ұйымдасқан қылмыстық топ жезөкшелерден қорқытып ақша алып отырған

Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында үш адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Оларға қылмыстық топ құруды ұйымдастырды, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұстады, адамдарды қорқытып, бас бостандығынан заңсыз айырды деген айыптар тағылды. Жауапкершілікке тартылушылардың бірі әйел адам. 14 қаңтар 2017, 13:56 4 030 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Өткен жылдың соңғы күнінде сағат 21.30-да Атырау тұрғыны М. жаңа жылды бірге тойлау үшін өзінің ескі танысына келеді. Бірақ мереке қайғылы аяқталады: отырыс барысында ер адамдар керісіп, қонағы қожайынды аяусыз соққыға жығады. Алынған зақым салдарынан үйдің иесі көз жұмды. №2 қалалық соты күдіктіні 2 айға қамауға алуға санкция берді. 12 қаңтар 2017, 00:00 3 001 рет қаралды
​Индерлік жүкті әйел неден көз жұмды? Оқиға

​Индерлік жүкті әйел неден көз жұмды?

9 қаңтарда арнайы комиссия Индер ауданындағы 32 жастағы босанушы әйелдің өлу себебін анықтау жұмыстарын бастады. Туыстары облыстық перинаталдық орталықтың медиктерін оны қабылдамады, содан кейін қалалық перзентханаға апарған соң сол жерде оның жатыры жыртылып, көз жұмды деп айыптайды. 11 қаңтар 2017, 12:01 10 267 рет қаралды
​Комиссия 32 жастағы босанушы әйелдің және шетінеген баласының өлімі себебін анықтауда Оқиға

​Комиссия 32 жастағы босанушы әйелдің және шетінеген баласының өлімі себебін анықтауда

9 қаңтарда Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы басшылық еткен арнайы комиссия Индер ауданына барып, 32 жастағы босанушы әйел мен оның сәбиінің өлу себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. 10 қаңтар 2017, 10:59 4 781 рет қаралды
Қызыл балық болсын, басқа болсын, бұл - бәрібір пара Оқиға

Қызыл балық болсын, басқа болсын, бұл - бәрібір пара

Атырау қалалық №2 соты Атырау қаласының тұрғынына қатысты пара бергені үшін үкім шығарды. Бұл Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВАНЫҢ ісімен байланысты, оған бұрынырақ пара алғаны үшін 5,6 миллион теңге көлеміндегі айыппұл түрінде жаза тағайындалған болатын («Рзағұловаға айыппұл жазасын берді»). 9 қаңтар 2017, 11:19 3 846 рет қаралды
​«Қазақавтожол» ісі: Жергілікті басшы кепілдікпен босатылды Оқиға

​«Қазақавтожол» ісі: Жергілікті басшы кепілдікпен босатылды

Бүгін, 5 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросынан «Қазақавтожол» РМК Атырау филиалының директоры Сейітжан МОЛДАШЕВТЫҢ тағдыры туралы сауалымызға жауап келді. Естеріңізге салсақ, «Қазақавтожол» облыстық филиалдарының барлық басшылары ҚР Есеп комитетінің екі аудиторы үшін пара жинады деген Ұлттық бюроның баспасөз хабарламасы жарияланғаннан кейін «АЖ» оны жұмыстан таба алмаған еді. 5 қаңтар 2017, 21:08 3 488 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Желтоқсанның 24-іне қараған түні Өркен ықшамауданында жол полицейлері шамдары жағулы келе жатқан «Лада» көлігін ұстады. 37 жастағы жүргізуші ішімдіктен масайған күйде екен. Ол 2014 жылы 5 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған. 29 желтоқсан 2016, 00:00 2 938 рет қаралды
«ІІБ-9» ісі: Барлығына үкім шықты Оқиға

«ІІБ-9» ісі: Барлығына үкім шықты

Бүгін, 28 желтоқсанда Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Дәуренбек ДАУМОВ Атырау қалалық ІІБ-нің тоғыз полицейіне қатысты атышулы істің қалған 4 фигурантына шығарылған үкімді оқыды. Естеріңізге салсақ, қалған 5 сотталушыға шығарылған үкім кеше, 27 желтоқсанда жария етілген болатын. 28 желтоқсан 2016, 19:13 4 496 рет қаралды
​Оқиғалар тізбегі Оқиға

​Оқиғалар тізбегі

Полицияға «Стройконтора-дағы» мейрамханалардың бірінің әкімшісі шағымданды. 16 желтоқсанға қараған түрі келушілердің бірі мас күйде мейрамханаға тиесілі құны 195 мың теңге тұратын ноутбукты сындырған.Ганюшкин мен Алға ауылдарының арасындағы жолда «Хёндай Элантра» көлігінің 35 жастағы жүргізушісі көпір қоршауына соқтығысқан. 22 желтоқсан 2016, 00:00 2 990 рет қаралды
«ІІД-9» ісі: Ұрлады, ішті, босатылды Оқиға

«ІІД-9» ісі: Ұрлады, ішті, босатылды

Атырау қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 9 полицейге қатысты процесс жалғасуда. Ол ашық режимде өтіп жатыр, алайда қорғау тарапының талабымен суретке және бейнежазбаға түсіруге тыйым салынды. 9 желтоқсан 2016, 21:44 4 093 рет қаралды