Атырау, 6 қыркүйек 04:33
 дождьВ Атырау +20.2
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Әйелін қорлаған еркек сотталды

4 622 рет қаралды

Құрманғазы аудандық соты өз әйеліне сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған Дәшін ауылының 46 жастағы тұрғынына қатысты үкім шығарды.

Ер адамның мұндай арсыз әрекеттеріне шыдай алмаған жәбірленуші әйел аудандық ІІБ-іне арызданған. Тағайындалған сараптама оның сөздерін растаған. Оның күйеуіне қатысты ҚР ҚК-нің 121-бабы 2-тармағы 4-тармақшасымен («Бірнеше рет жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер») қылмыстық іс қозғалған болатын.

- Сот оны кінәлі деп танып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды, - дейді Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары Магилан РАХИМОВ. - Жаза тағайындау барысында сотталушы кінәсін толығымен мойындап, шын ниетпен өкініш білдіруі, жәбірленушінің кешірім беруі және ортақ некедегі кәмелеттік жасқа толмаған балаларының бары ескерілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 қаңтар 2017, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.