Атырау, 5 желтоқсан 14:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Бақташы өз әріптесін атып өлтірді

2 877 рет қаралды

Қаңтардың 19-ы күні Құрманғазы ауданы Нұржау ауылына қарасты «Сазды» учаскесінде орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде атыс қаруын қолданумен болған кісі өлімі орын алды.

Екі жалдамалы бақташы қожалық иесінің жоқтығын пайдаланып, ішімдік ішкен. Осы кезде екеуінің арасында келіспеушілік туып, бірі өзінің бөтелкелесіне аңшы мылтығымен оқ атқан. Басына оқ тиген бақташы оқиға орнында қаза тапты.

- Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-тармағымен («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде, - дейді Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары Магилан РАХИМОВ. - 33 жастағы күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қаңтар 2017, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.