Атырау, 5 желтоқсан 14:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Алаяқ рақымшылыққа ілінді

2 423 рет қаралды

Жұмысқа орналастыруға көмектесемін деген жалған әрекеттер әлі де алаяқтар үшін оңтайлы әдістердің бірі болып қалып отыр.

2016 жылдың күзінде сотталушы Р.С. зардап шегушілер А.К., М.А., К.А.-ның сеніміне кіріп алып, оларды «Іскер» фирмасына жүк ілдіруші ретінде орналастыруға уәде береді. Осы қызмет үшін ол әрқайсысынан 35 мың теңге талап етеді. Зардап шегушілер бұл ақшаларды оның кәртішкесіне аударады.

Атырау қалалық №2 сотының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-тармағы («Алаяқтық») бойынша Р.С.-ға қатысты қозғалған қылмыстық іс рақымшылыққа байланысты сотталушыны жауаптылықтан босатумен тоқтатылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 қаңтар 2017, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.