Атырау, 27 қазан 10:28
 дождьВ Атырау +2.7
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Харри Кейн «Алтын допты» иеленді: марапаттау рәсімі қарсаңында дау туды

70 рет қаралды

Мюнхендік «Бавария» мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн «Алтын доп» иегері атанды. 33 жастағы форвард мансабында алғаш рет әлемдік футболдағы ең басты жеке марапатқа қол жеткізді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша ағылшын шабуылшысы Ламин Ямаль мен Килиан Мбаппе сияқты жұлдыздардан басым түсті. Өткен маусым Харри Кейн үшін ерекше табысты болды: ол клубы мен ұлттық құрама сапында 73 гол соғып, «Бавариямен» бірге Германия кубогын жеңіп алды және Еуропаның «Алтын бутсы» жүлдесін иеленді.

Алайда марапатты табыстау рәсімі дау-дамайға ұласты. Ресми салтанатты рәсімге бірнеше сағат қалғанда әлеуметтік желілерде марапаттың ресми сайтынан алынған скриншоттар тарады.

Сайтта жеңімпаздардың есімдері әртүрлі көрсетілген үш дайын мақала жарияланған. Олардың бірінде Харри Кейн, екіншісінде Ламин Ямаль, ал үшіншісінде Килиан Мбаппе жеңімпаз ретінде көрсетілген. Үш мақала да көп ұзамай өшірілді. Ал желі қолданушылары скриншоттардың жалған болуы мүмкін бе деген мәселені талқылап жатыр.

Бүгін, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.