Атырау, 30 мамыр 19:22
 дождьВ Атырау +22.1
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

​Қыз баланы қаққан жүргізуші табылды

3 212 рет қаралды

Криминалдық полиция қызметкерлері Атырау-Дамбы тас жолында қыз баланы қағып өлтірді деп күдікке алынған қара түсті «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісін анықтап, ұстады.

- 33 жастағы Атырау қаласының тұрғыны 20 қаңтар күні таңертең жедел-іздестіру шаралары барысында өз үйінде ұсталды. Ол мойындау жауабын беруде. Тергеу ісін ІІД жауап алу басқармасы жүргізуде, - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 3- тармағы бойынша («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет») және 347-бабы бойынша («Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу») сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған жүргізуші уақытша оқшаулау изоляторында қамауға алынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 қаңтар 2017, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.