Атырау, 6 қыркүйек 03:46
 дождьВ Атырау +20.2
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Оқиға

Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Полицияға 19 жастағы жігіт жүгінді: 13 ақпанға қараған түні «Алмагүл» қонақ үйінің жанына қойылған оның «Лада» ВАЗ-2114 көлігін Атырау тұрғыны - 20 жастағы қыз ұрлап айдап кеткен. Көлік кешікпей табылды, алайда, жігіт арызын қайта алудан бас тартты. ҚР ҚК-нің 200-бабы («Айдап кету») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлікті айдап кеткен қыз басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. 16 ақпан 2017, 00:00 2 306 рет қаралды
Өліммен ойнауға болмайды Оқиға

Өліммен ойнауға болмайды

Әлеуметтік желілерде жасөспірімдерді өлімге итермелейтін қауіпті ойындар пайда болғалы бері елден маза қашты. Сондай ойындардың бірі туралы интернет пайдаланушы инстаграммда былай деп жазады: «Бұл суицидшілерге арналған. 50 күннің ішінде әр түрлі тапсырмаларды (жайсыз) орындайсың, сосын соңында өзіңді өлтіресің. Жеңіске жету деген осы. Егер жеңбей жатсаң, саған көмектеседі».  14 ақпан 2017, 16:10 5 172 рет қаралды
 Балабақша алдында көлік өртеніп кетті Оқиға

Балабақша алдында көлік өртеніп кетті

Бүгін таңертең «Мирас» балабақшасының (Нұрсая) көлік тұрағында көлік өртенді. Сағат 8.40-та Атырау облыстық  ТЖД-не Тойота Прадо көлігінің өртеніп жатқаны туралы шақырту түсті. Оқиға орнына №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру бригадасы жетті. ТЖД мәліметтері бойынша сағат 09.22-де өрт сөндірілді. Сурет Бейнежазба 9 ақпан 2017, 16:59 4 525 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

 Қаңтардың 24-де Қазақстан-Ресей шекарасында «Құрманғазы авто» өткізу қосынының жасағы Қазақстанға контрабандалық жолмен 110 бөтелке «Белуга» арағы мен «Алаз» шарабының 10 бөтелкесін өткізуге әрекеттенген Астраханда тұратын 35 жастағы бортты «Газель» жүргізушісін ұстады. Заң бұзушы әрі қарай жағдайды анықтау үшін Құрманғазы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылды.  2 ақпан 2017, 00:00 2 840 рет қаралды
Енесіне қол көтерген келінге кешірім берді Оқиға

Енесіне қол көтерген келінге кешірім берді

Махамбет аудандық соты ҚР ҚК-нің 107-бабының 1-тармағымен («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру») айыпталған Таңдай ауылында тұратын 44 жастағы әйелге қатысты қылмыстық істі қарады. 20 қаңтар 2017, 10:55 3 195 рет қаралды
​Майор біреудің КамАЗ-ын сатып жіберген Оқиға

​Майор біреудің КамАЗ-ын сатып жіберген

Құрманғазы аудандық соты ҚР ҚК-нің 361-бабы 2-тармағымен («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») айыпталған жергілікті ішкі істер бөлімінің бұрынғы бастығына қатысты қылмыстық істі қарады. 19 қаңтар 2017, 15:18 2 586 рет қаралды