Атырау, 5 желтоқсан 13:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мақат аудандық ІІБ-нің екі қызметкері пара алды деп күдіктелуде

3 002 рет қаралды

Біздің бейресми дереккөзіміз хабарлағандай, Мақат аудандық ІІБ-нің екі қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталған.    

Дереккөзіміздің айтуынша, олар қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін 100 мың теңге пара алған деп күдіктелуде. Біздің жолдаған ресми сауалымызға облыс прокурорының орынбасары Серік ШАЛАБАЕВ былай деп жауап берді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті Мақат аудандық ІІБ-нің қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-тармағымен («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде екенін хабарлады. Басқа мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді».

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 ақпан 2017, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.