Атырау, 26 желтоқсан 07:38
 ашықВ Атырау -3
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Сөзге келіп қалып, пышақ салды

3 781 рет қаралды

6 ақпан күні таңда Атыраудағы кафелердің бірінің маңында 24 жастағы қала тұрғыны кісі қолынан қаза тапты.  

– Ішінен жарақат алған жас жігіт облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне түсіп, сонда есін жимастан көз жұмды, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. – ҚІІБ-ның криминалды полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында екі күдіктіні ұстады. Бұл Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының 22 жастағы тұрғындары. Айғақ зат ретінде пышақ тәркіленіп алынды. Ұсталғандар мойындау жауаптарын беруде. Қылмыс бұзақылық ниетте жасалған: олар жәбірленушіні танымайтын, бір-бірімен сөзге келіп қалғанда күдіктілердің бірі ішіне пышақ салған.   

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-ның 106-бабының 3-тармағымен («Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») сот алды тергеу ісі басталды.

Айнұр САПАРОВА

8 ақпан 2017, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.