Атырау, 6 қыркүйек 03:46
 дождьВ Атырау +20.2
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Оқиға

​ІІД Жанбайдағы жағдай туралы Оқиға

​ІІД Жанбайдағы жағдай туралы

Бүгін, шамамен сағат 13-те рейдтік «Бекiре-2017» шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері Исатай ауданы Жанбай ауылының маңында тексеру жүргізу үшін мемлекеттік нөмірі жоқ «УАЗ» автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші көлігін тастап, бой тасалады. 3 сәуір 2017, 21:36 4 850 рет қаралды
Ешмұратовтың ісі қалай құрастырылды? Оқиға

Ешмұратовтың ісі қалай құрастырылды?

Өткен жылдың желтоқсанында Атырау қалалық ІІБ-нің 9 қызметкерінің түрлі мерзімде бас бостандықтарынан айыру жазасын алуына экс-полицей Манарбек ӨТЕУОВТІҢ жанжалды хаты себеп болған еді. Сонымен қатар, бұл хатта мынадай сөздер болды: «2013 жылдың қазанында мен өз басшылығымның нұсқауы бойынша полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті деп, 1987 жылы туылған Артур Аманжолұлы Ешмұратовқа қарсы істі бұрмаладым. Кейіннен ол бас бостандығынан айыру жазасын алды». 3 сәуір 2017, 22:20 4 626 рет қаралды
Аластау кезінде өрт шығып, бір адамды күйік шалды Оқиға

Аластау кезінде өрт шығып, бір адамды күйік шалды

Бүгін, 28 наурызда, Whatsapp арқылы Жылыой ауданынан түсірілген жантүршігерлік бейнежазба таралды. Онда бір аяғы отқа оранған жас жігіт жанұшыра айқайлап, көшеде жүгіріп келе жатқаны көрінеді.   28 наурыз 2017, 17:02 8 024 рет қаралды
Терезеден секіріп, ажалдан аман қалды Оқиға

Терезеден секіріп, ажалдан аман қалды

Атырау облыстық ТЖД кезекші бөлімінде хабарлағандай, 23 наурызда шамамен таңертеңгі сағат 9.20-да Әбілқайыр хан  даңғылының жанындағы құрылыс алаңында тұрмыстық бөлме ретінде жасалған металл контейнер өртенді. Бейнежазба 24 наурыз 2017, 14:03 4 049 рет қаралды
Жүкті оқушы туралы іс Оқиға

Жүкті оқушы туралы іс

Жылыой ауданының құқыққорғау органдары оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ҚК-нің 122-бабы 1-тармағы бойынша («Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас») соталды тергеу жүргізуде.       18 наурыз 2017, 10:08 5 027 рет қаралды
​Оқиғалар хроникасы Оқиға

​Оқиғалар хроникасы

Полицияға 38 жастағы әйел шағымданды: 2011 жылдың маусымында ол мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге көмектесемін деп уәде берген Ақжар поселкесінің тұрғынына 30 мың доллар берген. Содан бері ол әйелді таба алмай келеді. Алаяқтық жасады деп күдіктелген әйелге іздеу жарияланды. 15 наурыз 2017, 11:24 3 379 рет қаралды
​Әкім кінәсін мойындады Оқиға

​Әкім кінәсін мойындады

Исатай аудандық соты Исатай ауданының бұрынғы әкімі мен аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысына қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабы 2-тармағының («Айтарлықтай мөлшерде пара беру») және 189-бабы 3-тармағының 2-тармақшасы («Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салу») бойынша қозғалған қылмыстық істі қайта қарады.   9 наурыз 2017, 18:07 5 325 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Махамбет ауылында 10 ақпанда жергілікті тұрғынның үйінен «ИЖ-27» аңшы қаруы мен 150 патрон ұрланған. Көп кешікпей полиция бұрын бірнеше рет сотталған 32 жастағы Е. есімді күдіктіні қолға түсірді. Заттай айғақтар алынды. 291-баптың 1-тармағы («Атыс қаруын жымқыру») мен 188-баптың 2-тармағының 3-тармақшасы («Тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Махамбет аудандық соты Е.-ні екі айға қамауға алуға санкция берді. Тергеу жүргізілуде.  23 ақпан 2017, 00:00 3 702 рет қаралды
Балық аула, браконьер! Оқиға

Балық аула, браконьер!

18 ақпанда Атырау облысында «Тоқта, браконьер!» жедел алдын алу шарасы аяқталды. Ол бір айға созылды. Бәлкім, қорытындысы бойынша құқыққорғау органдары жақсы есеп беретін шығар, бірақ «АЖ» редакциясына жолданған мына жақында түсірілген бейнежазба анағұрлым көңілге қонымды көрінеді. Бейнежазба 20 ақпан 2017, 14:51 3 384 рет қаралды