Атырау, 20 сәуір 04:15
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Аластау кезінде өрт шығып, бір адамды күйік шалды

7 473 просмотра

Бүгін, 28 наурызда, Whatsapp арқылы Жылыой ауданынан түсірілген жантүршігерлік бейнежазба таралды. Онда бір аяғы отқа оранған жас жігіт жанұшыра айқайлап, көшеде жүгіріп келе жатқаны көрінеді.  

Біз бүгін таңертең шамамен сағат 10-да аудан орталығы Құлсарыдағы «Шығыс» базарындағы бутиктердің бірінде төтенше оқиға орын алып, 21 жастағы жігіттің күйік алғанын анықтадық. Бұл фактіні аудандық ТЖ бөлімі растады.

Бұл өрт емес, дейді Жылыой аудандық ТЖ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ербол ҚАДЫРАЛИЕВ. Бутиктің иесі - әйел адам адыраспан шөбімен бутиктің ішін аластамақ болады. Ол аластау кезінде қолындағы шөпті қоқыс салынған шелекке байқамай түсіріп алған. Сол кезде шелектің ішіндегі қоқыс лапылдап жанған. Жанып жатқан шелекті сыртқа шығару кезінде жас жігіт сасқалақтап жүріп табалдырыққа сүрініп құлайды. Қатты шошынғаннан жігіт көшеге жүгіріп шыққан. Оның үстіндегі жалынды көшеде өтіп бара жатқан адамдар өшіруге көмектескен.  

Зардап шегуші бірден аудандық ауруханаға жеткізілді. Ол қазір 20-30 пайыз күйік жарақатымен жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуларынша, оның беті мен денесінің оң жақ бөлігі күйіп қалған.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 наурыз 2017, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.