Атырау, 5 желтоқсан 13:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ақшаға құныққан алаяқ

3 859 рет қаралды

Атырау қалалық №2 соты 20 млн теңгенің үстіндегі ақшаны қолды еткен 29 жастағы әйелге алаяқтық ісі бойынша үкім шығарды.

Ол бұған дейін де бір рет сотталып, үш жылға бас бостандығынан айрылған, кейін шартты мерзіммен ерте босап шыққан. Бірақ мұнымен тоқтағысы келмеген. Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, соңғы екі жылда ол қалалық әкімдікте жақсы танысы бар екенін, ол арқылы «Нұрсая» ықшам ауданынан салынып жатқан үйден бағасын төмендетіп баспана алып берем деп, қаланың алты тұрғынын алдаған. Алаяқ әр жағдайда 800 мың теңгеден бастап, 4,5 млн теңгеге дейін алып отырған. Әрине, зардап шегушілер уәде етілген пәтерді де, өз ақшаларын да ақыры көрмеді.

Атырау қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Лаура АСАНОВА хабарлағандай, сотталушы ҚР ҚК 190-бабы 4-тармағы 2-тармақшасымен («Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық») көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

31 наурыз 2017, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.