Атырау, 20 сәуір 16:54
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қызметін атқару кезіндегі көлік оқиғасы

4 710 просмотра


Атырау қалалық ІІБ жол-патрульдік қызметінің сержанты қызметін атқару кезінде қызметтік көлігінің рөлінде жол-көлік апатын жасады.

Ол 24 наурызда сағат 6.30-да маневр жасау кезінде Азаттық даңғылы бойында тұрған автокөлікке соқтығысады. Ол машинада жүргізуші отырған, ол да, полицей де зардап шеккен жоқ.


Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, полицейге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын көлiк құралдарын, жолдарды, басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы») бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

- Медициналық сараптама қорытындысы бар: сержант сау күйде болған, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. – Іс материалдары сотқа жолданып, онда оқиғаның себебі мен біздің қызметкеріміздің жаза шарасы анықталатын болады.


Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

28 наурыз 2017, 21:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.