Атырау, 15 қазан 15:30
 ашықВ Атырау +12
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Ешмұратовтың ісі қалай құрастырылды?

4 164 просмотра
Артур ЕШМҰРАТОВ

Өткен жылдың желтоқсанында Атырау қалалық ІІБ-нің 9 қызметкерінің түрлі мерзімде бас бостандықтарынан айыру жазасын алуына экс-полицей Манарбек ӨТЕУОВТІҢ жанжалды хаты себеп болған еді. Сонымен қатар, бұл хатта мынадай сөздер болды: «2013 жылдың қазанында мен өз басшылығымның нұсқауы бойынша полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті деп, 1987 жылы туылған Артур Аманжолұлы Ешмұратовқа қарсы істі бұрмаладым. Кейіннен ол бас бостандығынан айыру жазасын алды».

Өткен жылдың наурызында Бас прокуратура жанындағы ведомоствоаралық тергеу тобы Өтеуовтің хатында баяндалған сорақы мәліметтерді тергей бастады (Бұған қатысты ҚР ІІМ комментарийінде «Хатта көрсетілген әр факті бойынша тексеру жүргізілуде» деп атап көрсетілген). Сол кезде абақтыда отырған Ешмұратовқа қатысты эпизод та назардан тыс қалмады.

Ал бұған дейін Артур Ешмұратов  2013 жылдың тамызында таксистке дене жарақатын салғаны үшін 3 жылға шартты жаза алған болатын. Содан кейін «ақылы кіріп», енді өмірінде мұндай нәрсе қайталанбайды деп анасына ант берген. Ірі мұнай-сервис компаниясына электрлік бөлімге жұмысқа орналасып, жақсы жұмыс жасаған, бағалы маман деп есептелген. Сол 2013 жылдың қазанында базарда ол өзіне бейтаныс жедел уәкілмен (бұл Манарбек Өтеуов болатын) бетпе-бет соқтығысып қалып, ол өзімен бірге бөлімшеге баруды бұйырады. Өзінің еш кінәсі жоғын сезінген Ешмұратов бас тартады. Осыдан кейін басқа полицейлер жүгіріп келіп, көмекке шақырып, жармасып ұстап алған металл дуалдан оны жұлып алып, көлікке сүйреп апарған. Кейіннен оған ҚР ҚК-нің 321-бабы («Билік өкiлiне қатысты күш қолдану») бойынша айып тағылып, 2014 жылдың желтоқсанында сот оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Жазасын өтеу үшін Ешмұратовты туберкулезге шалдыққан сотталушылар болатын Қарағандыдағы колонияға жібереді. Ол бұл сырқатты алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан кезде, УГ-157/1 (тергеу изоляторы) абақтысында жұқтырып алған.

2016 жылдың мамырында «Өтеуовтің хатын» тергеу жұмыстарының нағыз қызған шағында Ешмұратовты Атырауға этаппен жібереді. Ұзақ жауап алулар мен көзбе-көз беттестірулерден соң, экс-полицей Өтеуов куәгерлердің көзінше осы эпизод бойынша өз хатында баяндалғандарды растағаннан кейін Ешмұратов зардап шегуші мәртебесіне ауыстырылады. Құжаттар Жоғарғы сотқа жолданды. Астанадағылар іс қайта қаралуға тиесілі деп санады. Алайда облыстық соттың апелляциялық алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Нағима ҒҰМАРОВА

Ешмұратовтың анасы Нағима ҒҰМАРОВА Атырауда ҚІІБ-нің тоғыз полицейі туралы іс бойынша процесс жүріп жатқанда, оның ұлын тергеу абақтысында әлденеше рет ұрып-cоққандығын растайды. Оның қолында тиісті медициналық анықтамалар бар. Ал бір күні сол Манарбек Өтеуов екеуі бір камераға түскен. Келесі күні кездесу кезінде Ешмұратов анасына Өтеуовтің өзінен кешірім сұрап, жасаған ісіне өкініш білдіргенін айтқан.

Қазіргі кезде Артур Ешмұратовқа қатысты істің аяқталуына әлі көп бар. Осы іспен айналысатын құқыққорғаушылардың айтуынша, кешікпей оны қайтадан жауап беру үшін Атырауға этаппен жібереді екен. Іске экс-полицей Өтеуов те қатысатын болады. Қазір ол УГ 157/1 мекемесінде оңаша камерада отыр.

Марат ТАКУЛИН

3 сәуір 2017, 22:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.