Атырау, 28 қараша 00:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«ІІБ-9» ісі: Барлығына үкім шықты

3 763 просмотра

Бүгін, 28 желтоқсанда Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Дәуренбек ДАУМОВ Атырау қалалық ІІБ-нің тоғыз полицейіне қатысты атышулы істің қалған 4 фигурантына шығарылған үкімді оқыды. Естеріңізге салсақ, қалған 5 сотталушыға шығарылған үкім кеше, 27 желтоқсанда жария етілген болатын.

Азамат ДОСТАНОВ пен Ильяс СТАМҒАЛИЕВ ҚР ҚК-нің 362-бабының 2-тармағы («Лауазымды адамның билікті асыра пайдалануы») және 369-бабының 2-тармағы («Лаузымды адам жасаған қызметтік жалғандық») бойынша кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі колонияда 3 жылға бас бостандығынан айырылу үкімі кесілді.

судья Дәуренбек ДАУМОВАзамат ДОСТАНОВЕрнар ІЗДІБАЕВНұржан ОРАЗҒАЛИЕВ

Ернар ІЗДІБАЕВ пен Нұржан ОРАЗҒАЛИЕВ ҚР ҚК-нің 416-бабының 4-тармағы («Қылмыстық сот iсін жүргізу барысында дәлелдемелерді бұрмалау») және 412-бабының 1-тармағы («Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту») бойынша кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі колонияда 3 жылға бас бостандығынан айырылу жазасын алды.

Төртеуі де өмір бойына офицерлік атақтарынан айырылды.

Сотталушылардың адвокаттары үкімге қатысты жоғары сот инстанцияларына шағымданатындарын мәлімдеді.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

28 желтоқсан 2016, 19:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.