Атырау, 26 қараша 09:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ІІД атыраулық экс-полицейдің ашық-хатына байланысты түсініктеме берді

3 996 просмотра

Image 0Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Атырау қалалық ІІБ экс-полицейі жазған атышулы хатқа байланысты түсініктеме берді.

Хатта Манарбек Өтеуов есімді азамат өзінің бұрынғы басшылығын ауыр қылмыстар жасады деп айыптаған. Оның сөздерін облыстық арнайы прокуратура қызметкерлері тексеруде.

"2015 жылдың 5 тамызында Атырау облысының ІІМ қауіпсіздік басқармасына Өзбекстан азаматы Дмиртий Кимді Атырау ІІБ қызметкері Өтеуов өлтіргені туралы хабарлама келіп түсті. Соталды тергеу жұмыстарын арнайы прокурордың басшылығымен жедел тергеу тобы жүргізуде", - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі NUR.KZ порталына.

Тергеу барысында Өтеуовтің кінәсі толықтай дәлелденіп, ол құрбанын өлтіріп қанай қоймай, 1,5 миллион теңгесін қолды қылғаны да анықталды дейді полицейлер.

Экс-полицейге адам өлтіру, ұрлық жасау, тонау, қызмет бабын асыра пайдалану, билік өкіліне күш көрсету, жалған құжат әзірлеу баптары бойынша айып тағылуда.

"Қылмыстық іс материалдарымен танысқан Өтеуов пен оның жары түрлі инстанцияларға арызданып, оның қылмыстарын ашумен айналысып жүрген бұрынғы басшыларының үстінен шағым түсіруге кіріскен", - дейді баспасөз қызметі өкілі.

Өтеуов тергеу барысында психикалық ауытқушылығы барына сендірмек болып, тіпті өзіне қол салмақ болған екен. Онымен қоса, тергеу оқшаулағышы қызметкерлерінің талаптарын орындамай, қарсылық танытқан.

Сот психиатриялық сараптама Өтеуовтың психикасы дұрыс екенін анықтады.

Атырау облысы прократурасының арнайы прокуроры Өтеуовтің хаттағы сөздері бойынша, ІІБ қызметкерлері М.Тағаниязов, Н.Қабдешов және Б. Шәлтеновті соталды тергеуге алды.

Еске салсақ, жақында әлеуметтік желіде Өтеуов Манарбектің өлтіруге тапсырысты өз басшыларынан алғанын жайып салған хаты жарияланған болатын.

Дереккөз: Nur.kz

25 наурыз 2016, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.