Атырау, 19 сәуір 15:44
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Бекіре» акциясы және жанбайлық браконьерлердің пәлсапасы

Сурет Бейнежазба
4 292 просмотра

Балық аулау маусымының алғашқы аптасында «Бекіре» операциясының барысында 45 тоннадай балық тәркіленіп, жалпы сомасы миллиондай теңгеге айыппұл салынды.

«Бекіре» үйлестіру штабы алғашқы отырысын өткізді. Балық аулау маусымында біріккен балық қорғау күштері баянат берді. Акция басталғалы 114 балық қорғау заңнамасы бұзылып, 44,7 тонна балық тәркіленді, оның 232 келісі бекіре тұқымдастар, 82 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 23 қылмыстық іс қозғалды.

«Бекіреге» көмекке тікұшақтар бөлінді, олар Жайық-Каспий бассейнінің бүкіл су айдындарын барлау үшін ұшады. Инспекторларды алмастыру жөніндегі ескі тәжірибе еске алынды. Облысқа басқа өңірлерден 6 мемлекеттік инспектор келіп, олар Дамба поселкесіндегі пәтерлерге орналастырылды.

Баяндамашылар әдеттегідей Пешной-Атырау, Атырау-Астрахань, Атырау-Орал және Атырау-Индер бағытындағы автотрассаларда және Қарабатан поселкесінде ішкі істер органдары мен инспекцияның стационарлық қосындар орнатқанын еске салды. Ол жерлерде ҚР аумағынан тысқары балық өнімдерінің ықтимал әкетілуіне қатысты кез келген көлікке тексеру жүргізіледі. Осы мақсатта Астрахань облысымен шекарада «Рубеж» бақылау-өткізу қосыны жұмыс істеп тұр. Әзірге балық майданынан басқа жаңалықтар жоқ.

Біз кеңес модераторы, Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВТАН сол жақтағы браконьерлер мен Исатай ауданындағы құқыққорғау органдарының арасындағы қоғам назарына ілінген жанжалға комментарий беруді өтіндік:

- Сіздің ведомоствоның көзқарасы тұрғысында Жанбайда не болып жатқанын айтып бересіз бе?

- Жүзу құралдары бойынша белгілі бір талаптар белгіленген. Бүгінгі күні байдалар бойынша өзекті мәселелер бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, біз қосымша жұмыс жоспарын әзірледік. Бүкіл құрылымдар, мемлекеттік органдар... Біз жалпы осы жоспарды мақұлдаттық, жұмыс жасайтын боламыз. Бұл байдалар теңізден балық аулауға арналмаған. Қазір уылдырық шашатын кезең. Жылжымалы жүзу құралдарының қуаттылығын реттейтін заң бар. Осы заңның аясында жұмыс жасайтын боламыз.

- Мен сұрағымды қайталайын: жанбайлықтар неге бұлайша әрекет етеді, браконьерлік балық толтырылған көлікке қатысты оқиға неліктен орын алды?

- Жанбай өзекті мәселе, ол жердегі тұрғындар теңізге еш келісімсіз, ауқымды моторлы байдалармен шыққылары келеді. Қазір бізде заң бар – балық аулаушы кооперативтер қуаттылығы 20 ат күшінен аспайтын будар түріндегі қайықтармен ғана аулауға тиіс. Тікұшақпен төңіректі шолып қайттық – ол жерде жағалауда байдалар тұр. Олар (шекарашылар) түсіндіргендей, бұл шекаралық жолақ деп есептеледі. Бұған дейін штаб облыс әкімінің орынбасары НАҚПАЕВТЫҢ бастауымен сол жаққа барды, онда Жанбай, Забурын тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балық аулау маусымы басталғанға дейін сол жерде жұмыс жасайтын балық аулау кооперативтерінің осы жұмысты ұйымдастыруы тиіс екенін, жағалауда бұл қайықтардың тұрмауы тиіс екенін түсіндірдік. Жанбай бойынша мәселе әлі күнге дейін шешілген жоқ.



- Яғни, «Бекіреге» алдын ала дайындық аясында Жанбайдағы бұл жұмыстар ұйымдастырылмаған ба?

- Міне, баспасөз, сіздер осындай сұрақтар қоясыздар...

- Бірақ, мен сіз айтқан сөздерді ғана қайталадым ғой.

- «Ракуша», «Амангелді» деген белгілі бір кооперативтер бар. Олардың аумақтарында қосымша қайықтар, браконьерлік қайықтар деп айтуға болады, тұрмауы тиіс еді. Бірақ, осы Жанбай ауылы орналасқан аймақ шекаралық аймақ деп есептеледі.

- Ол кімнің жауапкершілік аймағына кіреді?

- Бұған біздің бәріміз жауапкершілікте шығармыз.

- Ал егер нақтырақ айтсаңыз, бұл нақты кімнің жауапкершілік аймағы?

- Шекарашылар. Бұл іс жүзінде шекарашылар күзететін аймақ. Бұл байдалардың өте қуатты екенін, 200 ат күшінен кем түспейтінін жақсы білесіз. Қазір біз катерлер шуылына шек қоюға тиіспіз...

- Ал неліктен сіз балық аулау маусымының қарсаңында барып, ол жақта байдалар қанша, қандай қуаттылықта және нақты кімде бар екенін анықтамайсыз?

- Біз білмейміз деп деп айтып отырған жоқпыз, бізде бұл ақпарат бар.

- Неліктен тәркілемейсіздер?

- Тәркілейміз. Сондықтан қазір балықшылардың барлығына айтып жатырмыз... Көріп тұрсыз ба, Исатай ауданындағы жанбайлық балықшылар белгілі бір кооперативтердің қызметкерлері. Бүгінгі күні белгілі бір талаптар қойылып отыр, олардың мұны орындағанын қалаймыз. Бұл талаптар қуатты моторлары бар байдалар секілді үлкен қайықтарды пайдалануға тыйым салады. Өйткені, олар уылдырық шашатын кезеңде балық қорларына зиян келтіреді. Сондықтан біз барып, ескертіп, оларға уақыт бердік. Олардың бұл қайықтарды суға жібергенін ескерсек, демек, бір апта уақыт бар. Біз қосымша жоспар әзірледік. Бір аптада «Бекіре» операциясына жұмылдырылған бүкіл органдардың өкілдерінен құралған жұмыс тобы... Демек, бәрі қатысатын болады. Осы байдаларға қатысты шаралар аламыз. Әкімшілік жауапкершілікке тартып, заңдылығын анықтайтын боламыз.

- Ал егер де орын алғандай тағы да қарсылық көрсетілсе ше?

- Біз түсіндіру жұмыстарын жеткілікті жүргіздік, олар түсіне алмай отырған жекелеген элементтер бар. Бірақ қалай дегенмен де, біз олармен шайқасайын деп отырған жоқпыз. Біз бүгінгі күні белгіленген талаптардың сақталуын талап етіп отырмыз. Кім оларды орындамаса, әрине, біз мемлекеттің адамдарымыз, мемлекеттік органдардың қызметкерлеріміз, бізде белгілі бір өкілеттіктер бар, оларды орындаймыз, - деп жауап берді Ермекқалиев.

…Қайта-қайта мәнісі жоқ тұжырымдарды қайталай бергеніне қарағанда, бас балық инспекторын жыл сайын қайталанып отырған Жанбайдағы ахуал ойлантып отыр. Алайда, балық қорларын қорғаушылар үшін жыл сайын бұл алғашқы жағдай секілді көрінеді. Билік пен балыққорғау органдары әдеттегіше заңға сілтеме жасап, жоспарлар жасайды. Жанбайлықтар да әдеттегіше бұған елең етпейді. Өйткені, заң біржақты жұмыс жасамайды. Ал кейбір балық қорғау ведомостволарының кейбір өкілдері үшін заң жоқ екенін олар жақсы біледі. Егер біреулерге жоқ болса, неліктен бізге де болмасқа деп пайымдайды жанбайлық браконьерлер. Алайда ахуал шиеленісіп тұр, үндемей қалу мүмкін емес. Сондықтан жанбайлық тәуелсіз республиканың «жекелеген элементтерінің» әзірленген «қосымша жоспарға» реакциясын күтетін боламыз. Бұл учаске балық аулау маусымының аяғына дейін «Бекіре» штабының бас ауруы болатыны сөзсіз.



Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

11 сәуір 2017, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.