Атырау, 27 қазан 10:28
 дождьВ Атырау +2.7
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

1,3 миллиард теңге шығын: Алматыда шетелдік алаяқ ұсталды

38 рет қаралды

2026 жылдың басынан бері қазақстандық полицейлер хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болған 17 мыңнан астам азаматтың қайда жүргенін анықтады.

Осы кезеңде құқық қорғау органдары Қазақстанда іздеуде жүрген 1 031 күдіктіні ұстады.

Олардың қатарында Астанада қолға түскен 67 жастағы ер адам бар. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, 2018 жылы Қарағандыда тауар сатуды сылтауратып, қоймадан 401 миллион теңгеден астам сомаға тауарды алып кеткен.

Бұдан бөлек, Қазақстанда ТМД елдері мен алыс шетелдердің құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген 537 адам ұсталды.

«Осындай жағдайлардың бірі Алматыда тіркелді. Полицейлер алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 45 жастағы шетел азаматын ұстады. Келтірілген шығын көлемі 1,3 миллиард теңгеден асады. 2023 жылы Бішкекте ол Оңтүстік Кореядан косметика жеткізуді ұйымдастыруды сылтауратып, жәбірленушінің ақшасын иемденген», — деп нақтылады ІІМ.

Сонымен қатар, еліміздің барлық өңірінде 5 қарашаға дейін жалғасатын «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Рейдтер аясында полицейлер 249 мыңға жуық тұрғын үй нысанын, оның ішінде 12,5 мың жалдамалы пәтерді тексерді. Тіркеусіз тұрудың 9 мың дерегінің жолы кесіліп, түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз көшеде жүрген 3,9 мыңға жуық жасөспірім анықталды.

Алматыда кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта жүруіне жол бергені үшін дәмханалардың бірінің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Бүгін, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.