Атырау, 3 мамыр 11:58
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«Бекiре-2017» операциясы басталды

3 538 просмотра


Бүгін,
1 сәуірде Атырау облысында дәстүрлі «Бекіре» балық қорғау акциясы басталды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Бекіре-2017» туралы АШМ ауыл шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мәрлен АЙНАБЕКОВ әңгімеледі.

Жайық, Қиғаш өзендерінде, Каспий теңізінің жағалауы мен «Ақжайық» резерватында 20 (13 көшпелі және 7 стационарлы) қосын ұйымдастырылды. 40-тан астам өзен катерлері мен шағын патруль кемелері, сонымен қатар, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК ұшағы мен тікұшағы жұмылдырылды.  Балық қорғау иснпекторлары күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Вокзал мен әуежайда, облыс орталығынан шығатын барлық жерлерде мұқият тексеру жұмыстары жүргізіледі, автокөліктер тексеріледі.

Марат ТАКУЛИН

1 сәуір 2017, 20:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.