Атырау, 15 қаңтар 09:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Браконьер түнде аңшылыққа шыққан

2 145 рет қаралды

Индербор кентінде АІІБ қызметкерлері жергілікті тұрғын С.-тың ауласынан бір киіктің төшкесі мен сегіз киіктің мүйізін тапты. Сонымен бірге қосауызды мылтық пен прожектор тәркіленіп алынды. 

Индер аудандық прокуроры Алтынбек ЖҰМАБЕКОВТЫҢ хабарлағанындай, С.-ке қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») қылмыстық іс қозғалған. Лабороториялық сараптама тағайындалып, сот алды тергеу-тексеру шаралары жүргізілуде. 

Браконьерлер автокөліктеріне қуатты прожекторларды орнатып, киіктерді түнде аулауға жиі шығып тұрады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 қаңтар 2017, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.