Атырау, 6 мамыр 13:04
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Полицей «аванс» алу кезінде ұсталды

3 221 просмотра

№2 Атырау қалалық соты пара алды деп күдіктелген Мақат АІІБ жедел уәкілі С.А.-ға қатысты үйқамаққа алуға санкция берді.

Қылмыстық іс материалдарында С.А.-ның «Газель» көлігімен құрылыс материалдарын ұрлаған жергілікті үш тұрғынды ұстап, оларға қарсы ҚР ҚК 188-бабы 2-тармағының 1-тармақшасы («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғағаны көрсетілген.

«Мәселені жағымды шешу» үшін полицей күдіктілерден ақша талап етіп, сол күні олардан 50 мың теңге мөлшерінде пара алған. Содан соң тағы 300 мың теңге талап еткен. «Талап етілген соманың жартысы мөлшеріндегі авансты алу кезінде оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері ұстады», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 ақпан 2017, 19:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.