Атырау, 24 қыркүйек 22:42
 дождьВ Атырау +25.3
$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.30

Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған

3 533 рет қаралды

№2 Атырау қалалық соты тыйым салынған діни бірлестік мүшелеріне үкім шығарды.

Сот Қазақстанда тыйым салынған халықаралық экстремисттік «Ат-Такфир уаль-Хиджра» ұйымындағы  үш ер адамнан және бір әйел адамнан тұратын топтың әлеуметтік желілерде экстремизм мен терроризмді насихаттаумен айналысқандығын анықтады.

№2 соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушылар ҚР ҚК 256-шы («Терроризмді насихаттау») және 405-ші («Дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу») баптары бойынша кінәлі деп танылды. Оларға жалпы режимдегі колонияда 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

23 қаңтар 2017, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.