Атырау, 24 сәуір 03:55
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Атырауда ұйымдасқан қылмыстық топ жезөкшелерден қорқытып ақша алып отырған

3 632 просмотра

Image 0Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында үш адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Оларға қылмыстық топ құруды ұйымдастырды, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұстады, адамдарды қорқытып, бас бостандығынан заңсыз айырды деген айыптар тағылды. Жауапкершілікке тартылушылардың бірі әйел адам.

Іс материалдарына сүйенсек, ҰҚТ құрушы біраз уақыт Атырауда таксист болып табыс тапқан, жезөкшелерді де тасыған. Олардың табыс табу тәсілдерін білген соң, «қамқорлыққа алуды» ұйғарып, бұл іске тағы екі адамды тартқан.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2015 жылдың желтоқсанынан бастап 2016 жылдың наурызына дейін қылмыстық топ мүшелері 5 жезөкшенің күн сайынғы табыстарының бір бөлігін, ал кейбір зардап шегушілердің бүкіл табысын алып қойып отырған. Зардап шегушілер тарапынан талаптар болуы мүмкін екенін ескеріп, оларға қарызы бар деген қолхат жаздырып, нотариалды куәландырып алған. Ақшаны осы қарыздарын өтеу үшін жинаған-мыс. Сөйтіп, зардап шегушілерден миллион теңгеден астам ақша жинап үлгерген. Бір қызығы, ақша мөлшері де әртүрлі. Мәселен, бір қыздан барлығы 835 мың теңге, ал басқа екі қыздан тек 26 мың теңгеден ұстаған.

Ақша, сонымен қатар, қамқорлық жасағаны үшін полицияға төлеуге жұмсалды деген. Бірақ, іс материалдарында бұл анықталмады.

Притон ұстады деген айып сотта дәлелденбеді, сотталушылар бұл бап бойынша ақталып шықты. Сотта заңсыз бас бостандығынан айырды деген айыптауды прокурор кері алды. Нәтижесінде сотталушылар ҰҚТ құруда және күш қолдануда кінәлі деп танылды. Ер адамдарға қатаң режимдегі колонияда 8 және 7 жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілді, ал әйел жалпы режимдегі колонияда 7 жыл жазасын өтейтін болады. Барлығының мүлкі тәркіленеді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

14 қаңтар 2017, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.