Атырау, 18 сәуір 10:55
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Енесіне қол көтерген келінге кешірім берді

2 813 просмотра

Махамбет аудандық соты ҚР ҚК-нің 107-бабының 1-тармағымен («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру») айыпталған Таңдай ауылында тұратын 44 жастағы әйелге қатысты қылмыстық істі қарады.

Ол өткен жылдың 11 қарашасында асүй бөлмесінде ыдыс аяқ жуып жатқанда сол үйде тұратын 78 жастағы енесімен келісе алмай қалады. Арадағы ұрыс-керіс кезінде ашуға мінген келін енесінің бетінен салып қалады. Соққы алған ене жерге құлап, аудандық ауруханаға түседі.

Сот отырысында сотталушы әйел өз әрекетіне өкінетіндігін, кешірім сұрайтынын, қазіргі кезде енесімен өзара татуласқанын, медиация тәртібімен істі аяқтауға өтініш білдіретінін айтты. Енесі де келінімен татуласқанын растап, оған ешқандай талабы жоқ екенін және оны кешіргенін хабарлады.

Аудан прокурорының орынбасары Жасталап УРАҚОВТЫҢ айтуынша, сот қос тараптың өтініштерін ескеріп, сотталушыны медиация тәртібімен қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қаңтар 2017, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.