Атырау, 25 қыркүйек 10:17
 ашықВ Атырау +22
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Барлық жаңалықтар

Билет пе? Қазір берем! Басқа жаңалықтар

Билет пе? Қазір берем!

1 сәуірден бастап Атырауда жолаушылар көлігіне бір реттік жол билеттері енгізілді. Бұл - тендерде жеңіске жеткен тасымалдаушы компанияларға қойылған талаптардың бірі еді. Алайда, біздің оқырмандардың хабарлауынша, бір реттік жол билеттері барлық автобустарда үнемі беріле бермейді екен. Біз қалалық маршруттармен жүріп, бұған көзімізді жеткіздік. 11 сәуір 2013, 00:00 3 447 просмотра
«Хиуаз» Мәскеуге шақырады Басқа жаңалықтар

«Хиуаз» Мәскеуге шақырады

1 сәуірде «Эйр Астана» компаниясы Атырау – Мәскеу бағытында жаңа тұрақты рейсті қолданысқа енгізді. Алғашқы ұшуды Ұлы Отан соғысының аңызға айналған ұшқышы, жерлесіміз Хиуаз ДОСПАНОВАНЫҢ мәртебесіне «Хиуаз» деп аталатын Embraer 190 жаңа әуе лайнері орындады. 11 сәуір 2013, 00:00 2 471 просмотра
«Динадағы» сиқырлы шөп Басқа жаңалықтар

«Динадағы» сиқырлы шөп

Қала базарларынан ыдысқа шөп өртеп, түтіндетіп жүрген әйелдерді көп көруге болады. Олар аз-мұз ақшаға сатушы мен оның тауарларын, қаласаңыз, сізді де бастан аяғыңызға дейін қою түтінмен айналдырып шығады. Шөп адыраспан деп аталады. Сенушілердің ойынша, ол зұлымдықты қуып, сәттілікті шақырып қана қоймайды, сонымен қатар 80 аурудан сақтайды. Басқасы басқа, өзбекстандық қонақтарымыз бұған өте сенімді. 11 сәуір 2013, 00:00 13 061 просмотра
Жетілмеген жоба Басқа жаңалықтар

Жетілмеген жоба

Қашағаннан мұнай өндіру және оны Қарабатанда өңдеумен қатар, Атырау халқына тағы бір ірі жобамен -  біріктірілген газ-химия кешенімен (БГХК) көршілес болу бұйырайын деп тұр. 4 сәуірде кешеннің бірінші кезеңінің қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жөніндегі жұртшылық тыңдауы өтті. 11 сәуір 2013, 00:00 3 785 просмотра
Тұтқынға айналдырған тұқыл Басқа жаңалықтар

Тұтқынға айналдырған тұқыл

«Қамауға алу» және «арнайы қабылдау орны» деген сөздер бізде криминал деген, әрі кеткенде жанұя жанжалқоры деген түсінікпен астасып жатады. Алайда біраз уақыттан бері ІІМ біздің санамызды жаңғыртуды ұйғарыпты. Арнайы қабылдағыштың үйреншікті контингентін енді басқа тұрғындар: қоқыс жәшігіне жете алмай қалған парасатты адамдар алмастырған. Айыппұл салу үшін немесе бірнеше тәулікке әкімшілік қамауға алу үшін темекі тұқылын, қағазды немесе сағызды қоқыс жәшігінің қасына тастай салудың өзі жетіп жатыр. 11 сәуір 2013, 00:00 5 548 просмотра
Қиылыстағы раритет Басқа жаңалықтар

Қиылыстағы раритет

Атақты режиссер Эльдар Рязановтың атышулы «Автомобильден сақтан!» фильміндегі Деточкин ұрлап мініп қашатын «Волга» автомобилі есіңізде ме? Бұл 60 жылдар болатын. Ол машина қазір «Мосфильмнің» мұражайында сақтаулы тұр. Ал онымен түйдей құрдас аңызға айналған раритет әлі күнге біздің қаланың көшелерін шарлауда.   11 сәуір 2013, 00:00 2 099 просмотра
Әйелдер озбырлыққа қарсы Қоғам

Әйелдер озбырлыққа қарсы

Полицейлер қызықты фактіні атап отыр. Күйеуінің немесе туыстарының тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырайтын атыраулық әйелдердің көпшілігі енді үйдегі озбырлыққа шыдағылары келмейді. Олар бірден құқыққорғау органдарының көмегіне жүгінетін болған. 11 сәуір 2013, 00:00 5 743 просмотра
15 жасар аналар Басқа жаңалықтар

15 жасар аналар

5 сәуірде облыстық әкімдікте облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті. Онда әйелдерді жұмысқа орналастыру және ерте жүкті болу мәселелері талқыланды. 11 сәуір 2013, 00:00 2 595 просмотра
«Нағыз суретші әрдайым еңбекқор келеді» Мәдениет

«Нағыз суретші әрдайым еңбекқор келеді»

Атыраулық белгілі суретші Әділқайыр ЖАНТАСОВТЫҢ (суретте) «Рахаттану», «Балалық шақ», «Оян» және тағы басқа туындылары Италияның Венеция қаласындағы көрме павильонын әсемдеп тұр. Біз оның шығармашылығы жайлы сұхбаттасқан едік. 11 сәуір 2013, 00:00 8 865 просмотра
Гүлмайданның мектебі Мәдениет

Гүлмайданның мектебі

Белгілі әнші Гүлмайдан СҮНДЕТҚЫЗЫ жуырда өзінің жеке шығармашылық кешін өткізбекші. Бұл шарада өзімен қатар шәкірттерін де сахнаға шығарғысы келеді. Сол себепті қазір ол  өзі жұмыс істейтін Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония жанынан өзінің ән мектебін ашқан болатын. Біз оның өнердегі бүгінгі тынысы жайлы тілдесіп көрдік. 11 сәуір 2013, 00:00 10 565 просмотра
№3 БЖСМ директоры Сейітжан Бегісінов: «Атырауда спорт интернаты болады» Спорт

№3 БЖСМ директоры Сейітжан Бегісінов: «Атырауда спорт интернаты болады»

Жақында Орал қаласында өткен бокстан Асқар Құлыбаев жүлдесіне арналған «А» сыныпты турнирде атыраулық боксшы Бекболат Құрамысов алтын ұтса, оның командалас серігі Азамат Досмағамбетов күміс жүлдегер атанды. Облыстағы бокстың және басқа да олимпиадалық спорт түрлерінің  болашақ дамуы жөнінде №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Сейітжан БЕГІСІНОВПЕН сұхбаттастық. 11 сәуір 2013, 00:00 6 960 просмотра
Спорт жаңалықтары Спорт

Спорт жаңалықтары

Атыраулық дзюдошылар Қанат Сейілхан мен Әнел СҮЛЕЙМЕНОВА (суретте) Испанияда өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде күміс жүлдегерлер атанды. Қызылордада дзюдодан 1998-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында «Абзал» құрылыс компаниясының жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті. 11 сәуір 2013, 00:00 4 366 просмотра
«Бұқардағы» бұқара жұтта қала ма... Басқа жаңалықтар

«Бұқардағы» бұқара жұтта қала ма...

Индер ауданына қарасты Бұқар елді мекенінде (Оны Сармайшағыл деп те атайды) бар болғаны 18 отбасы (121 адам) тұрады. Осы кезге дейін мұнда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды тарту үшін (ауыз сумен, газбен, жарықпен қамту, телефонизациялау) бірнеше миллиондаған қаржы бөлінген болатын. Бірақ, жергілікті тұрғындар әлі күнге дейін ауыз судың игілігін көре алмай келеді. Оның үстіне, олар «билік болашағы жоқ елді мекенге қырғын қаржы жұмсағанша, халқын көшіруді неге ойланбайды?» деп налиды. 11 сәуір 2013, 00:00 3 526 просмотра