Атырау, 8 маусым 19:48
 дождьВ Атырау +26.7
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

«Жаппай бойкот жариялаған»: Астанада НЗМ оқушысын суицидке жеткізді деп айыпталды

Сурет
108 рет қаралды

Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бұрынғы оқушысының ата‑анасы құқық қорғау органдарына жүгініп, мектеп әкімшілігін әрекетсіздік танытты деп айыптады. Анасының айтуынша, ұлы сыныптастары тарапынан қатаң әлеуметтік‑психологиялық буллингке ұшыраған, деп хабарлайды Halyqstan.

Ол грантпен қабылданып, сынып старостасы болған, бірақ сегізінші сыныпта жағдай күрт өзгеріп, сыныптастары оған толық бойкот жариялаған.

«Ол сөйлескісі келді, неге жауап бермейтіндерін сұрады, бірақ бәрі үнсіз қалды», – дейді анасы. 

Баланы асханада айналып өтіп, партаға отырғызбаған, бұрынғы достары да сыныптағы көшбасшылар келгенде араласуды тоқтатқан.

Ата‑анасы бірнеше рет куратор мен психологқа жүгінгенімен, ешқандай шара қолданылмаған. Ұзақ уақыт оқшауланудан кейін балада агрессия, селфхарм және суицидтік ойлар пайда болған. Мемлекеттік ауруханада дәрігерлер оның жағдайын «критикалық» деп бағалап, мектептен шығаруды ұсынған.

Қазір ол қарапайым мектепке ауысып, антидепрессант қабылдап, психиатрдың бақылауында. Дегенмен жағдайы ауыр күйде қалып, тоғызыншы қабаттан секіруге әрекет жасаған, ата‑анасы тоқтатып үлгерген.

Отбасы полицияға ресми арыз жазған, іс сәуірден бері прокуратурада қаралуда. Анасының айтуынша, тергеу қозғалысы жоқ, ал кейбір қызметкерлердің жауаптары цинизмге толы болған. 

«Ұлым қазір психологтың көмегіне қатты мұқтаж, бірақ барудан бас тартады. Себебі орталыққа барғаннан кейін өткен оқиғаларды қайта еске алып, сол күйге түсіп кетеді», – дейді астаналық әйел.

Бүгін, 18:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.