Атырау, 29 қараша 01:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырау билігі 21 мамырда митинг өткізуге рұқсат бермеді

Бейнежазба
4 433 просмотра

Макс БоқаевБіз Атырауда 24 сәуірде рұқсат етілмеген митингтің төрт қатысушысының ІІД-ге шақырту алғанын хабарлаған едік («Макс БОҚАЕВ: «Адамдарға қысым көрсетіп жатқанда, мен комиссияда жұмыс жасай алмаймын»). Ал кеше, 16 мамырда митингтің тағы үш қатысушысы прокуратураға шақырту алды. Бұлар Макс Боқаев, кәсіпкер Ерлан БАШАҚОВ және үй шаруасындағы Гүлзада ИСМУРЗИЕВА. Айта кету керек, кеше Боқаевтың 21 мамырға жоспарланған митинг-концертті өткізу туралы өтінішінен бас тартылды.

Олардың әрқайсысымен қала прокуроры Руфат ҚҰТТЫҚОВ әңгіме жүргізді. Ол не туралы айтты?

- Митингке шақырмау, халықты дүрліктірмеу, агрессиялық әрекеттерге шақырмау, - прокурормен кездескеннен кейін әңгіме мазмұны туралы Ерлан Башақов бізге әңгімелеп берді. – Прокурор менің неге қол жеткізгім келетінін сұрады. Мен оған, менің жауабым оған ұнамайтынын, сондықтан жауап бермегенім жөн екенін айттым.

- Ал сіз неге қол жеткізгіңіз келеді?

- Басқа сол митингке қатысушылар секілді Жер кодексіне енгізілген, әзірге мораторий жарияланған түзетулерді алып тастауға қол жеткізгім келеді. Мен егер біреулерге үндеу тастайтын болсам, жауапкершілік алатынымды жақсы түсінемін. Бірақ мен ешкімге үндеу тастаған жоқпын және тастамаймын да, өйткені митингке рұқсат етілген жоқ. Бірақ өз басым қалай болғанда да шығайын деп отырмын, мейлі бұл жалғыз кісілік бейбіт наразылық болса да. Бұл құқығымды менен ешкім ала алмайды.

Гүлзада Исмурзиева өзін прокуратураға не үшін шақырғанын түсінбеді. Өйткені ол еш жерде және ешкіммен 21 мамырдағы ықтимал митингке қатысты мәселелерді талқыламаған:

- Олар мені митингке шығуды жоспарлап отырсың деді. Мен мұны дәлелдеуді сұрадым. Маған менің атымнан фейсбукте әлдебір посттар жазылған қағазды көрсетті. Мен тіпті онда не жазылғанын есіме сақтамаппын. Бірақ мен қазақ тілдімін және орыс тілінде жазбаймын. Құттықов қызметкерді шақырып алып, анықтауға тапсырма берді. Содан кейін біз сыпайы әңгімелестік. Ол менің Кодекс туралы пікірімді сұрады. Мен оны айттым. Халық қазір сыбайласқан билікке сенбейді, сондықтан осы түзетулерге қарсы шығар деп ойлаймын.

Боқаев қалалық прокуратура үйінің қақпасы алдында бүкіл Қазақстан бойынша белсенділердің қуғындалып, Фейсбукте пост жариялағаны және заң аясында азаматтық белсенділік танытқандары үшін үйлеріне тінту жүргізіліп, ұсталып жатқаны туралы мәлімдеді:

- Мұның бәрі тек ахуалды нашарлатып, халықтың ызасын тудырады. Билік осының бәрін тоқтату керек, осы қысымның бүкіл салдары үшін кінәні билікке жүктеу керек. Адамдардың жер бойынша, митинг бойынша айтып жатқанының бәрі – олардың конституциялық құқықтары. Мен халықпен бірге боламын, қоғамдық салада жұмыс жасауды жалғастырамын, қажетті деп есептеген және менің конституциялық құқығымның аясындағыны жасай беремін.


«21 мамырда сіздердің рұқсат етілмеген митингке қатысуды жоспарлағандарыңыз анықталды» деп, қатысушылардың үшеуіне де профилактикалық әңгімеден кейін «Заң бұзушылыққа жол бермеу туралы ескертуді» табыстаған. Ал құжаттың соңында прокурор Құттықов қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы өзі ескерту берген.

Прокуратурадан шыққан бойда полицейлердің бірі Боқаевқа тағы бір шақырту берді – бүгін, 17 мамырда сағат 17.00-де оны облыстық ІІД-де 24 сәуірде оны талтүске дейін кабинетінде ұстаған тергеуші Жұмағалиев күтеді екен.

Кейінірек сәуірдегі митингке тағы бір қатысушы туралы белгілі болды. Әсел МАҚСОТТЫ да бүгін прокуратурада күтіп отыр екен.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

17 мамыр 2016, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған