Атырау, 28 маусым 16:56
 дождьВ Атырау +25.8
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Ресейде өзіне қол жұмсауды насихаттаған «ВКонтакте» желісіндегі 8 топқа тыйым салынды

1 841 рет қаралды

Ресейдің Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласын бақылау жөніндегі федералдық қызметі (Рескомбақылау) «ВКонтакте» желісіндегі «суицидті насихаттаған» 8 топқа тыйым салды, деп хабарлады Ведомство басшысы Александр Жаров. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

««Рескомбақылауға» суицидті насихаттаған 11 бейресми топ туралы ақпарат келіп түсті. Қазір сегіз парақшаға тыйым салынды, үшеуіне Ресей тұтынушылар бақылауы органы сараптама жүргізуде», - деді Жаров.

Оның айтуынша, тыйым салынбай тұрған үш топты ашып, жүргізіп отырғандар ақпараттарды өшіріп үлгерген.

Дереккөз: Іnform.kz

18 мамыр 2016, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.