Атырау, 29 қараша 01:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Атырауда тағы бір митингке қатысушы – Қасым Қожантаев қамауға алынды

Бейнежазба
5 596 просмотра

Image 0Қасым ҚОЖАНТАЕВ. Фото: FacebookБүгін, 18 мамырда арнайы уақытша қабылдау орнына сәуір митингісіне тағы бір қатысушыны орналастырды. Қасым ҚОЖАНТАЕВ алаңда белсенді түрде сөз сөйлеп, митингке шығушылардың қызу қолдауына ие болғандардың бірі. «Жер – анамыз, анамызды сатпаймыз» деген қанатты сөз соған тиесілі болатын.

Қожантаев арнайы қабылдау орнына үш тәулік отырып шығады. Ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 669-бабы («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») бойынша өтелмеген несие туралы іс арқылы қамауға алынды.

Ал, Қасымның жұбайы – Шынар ЕЛМАНОВАНЫҢ айтуынша, сот орындаушыларының қолында Қожантаевтың 20 мамырға дейін қарыздың өтелетіндігі туралы қолхаты бар екен. Алайда, келісілген мерзімді күтпестен, бүгін, 18 мамырда оны прокуратураға шақыртып, сол жерден сот орындаушымен бірге әкімшілік сотқа жіберген. Сот залынан кейін ол өзімен бірге 24 сәуірде алаңда болғандардың қатарын толықтырды. Бірнеше сағат ішінде қамауға алынғандарға жақындары мен достары кіре алмай отыр:

– Арнайы қабылдағыштың қасында тұрмыз, кездесіп, сәлем-сауқат бергіміз келген, бірақ ешкімді кіргізбей отыр, басшылық жоқ. Оларда таңертеңнен бері карантин екен, - деп хабарлады телефон арқылы Әсел НҰРҒАЗИЕВА.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА


18 мамыр 2016, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған