Атырау, 29 қараша 08:48
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Оралда белсенділерді екінші күн полицияға шақыртты

1 455 просмотра

Фото: uralskweek.kzОралда "Абырой" қоғамдық бірлестігінің белсенділерін бүгін полицияға тағы шақырды. Бұл туралы Азаттыққа азаматтық белсенді Лұқпан Ахмедьяров хабарлады. "Абырой" бірлестігінің белсенділері Жанат Есентаев пен Исатай Өтеповті кеше кешке полицияда "куә ретінде тергеп", түнде үйлері мен бірлестік кеңсесін тінткен,- деп хабарлайды Азаттық.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, олардың пәтерлері мен бірлестік кеңсесінен компьютерлерін тәркілеген. Қазір Жанат Есентаев пен Исатай Өтеповтің телефондары сөндірулі тұр.

Кеше полициядағы алғашқы тергеуден соң Өтепов өзі мен Есентаевты WhatsApp хабар алмасу желісіндегі "21 мамыр күні тәртіпсіздік ұйымдастыруға шақыру" туралы әңгіме скриншоты негізінде қозғалған іс бойынша жауапқа тартуға тырысып жатқанын айтқан. Кеше полицияға сонымен қатар "Абырой" мүшесі Мақсат Айсауытов пен тағы бір белсенді Азамат Мұқановты апарған. Айсауытовтың сөзінше, оған Есентаев туралы сұрақтар қойылған. Айсауытов Азаттыққа өзін тергеу төрт сағатқа созылып, түнде ғана босатқанын айтқан.

27 сәуірде Жанат Есентаев өз атынан Оралдың орталық алаңында "жер мәселесі бойынша" митинг өткізуге өтініш берген. 14 мамырда белсендіге "алаң жанында жоғары оқу орны орналасқанына" байланысты митингі өткізуге рұқсат етуден бас тартқан жауап келген.

Белсенділер 15 мамырда Орал қаласы әкімінің орынбасары Марк Сатыбалдиевпен өткен кездесуде өздеріне Facebook-те "митингіге шықпау туралы" үндеу жариялауды сұрағанын айтады.

Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінен "Абырой" белсенділерінің ұсталуына қатысты түсінік алу әзірге мүмкін болмай тұр.

Дереккөз:Аzattyq.org

17 мамыр 2016, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған