Фото: facebookҚарағанды облысында қоқыстан аузы әжетхана қағазымен оралған нәресте табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Нәрестенің табылғаны жайлы бірінші ақпаратты қолданушы Людмила Экзархова Facebook әлеуметтік желісінде жария етті.
"Өтіп бара жатып, естіп қалдық, мысықтың даусына ұқсады, айналаны іздей бастадық, бір әйел қоқыс жәшігіне түссе қап қозғалып жатыр екен, оны ашқанда нәрестенің беті көрінді, аузы әжетхана қағазымен жабылыпты, оны алып тастап еді, қатты жылай бастады, киімін шешіп, орағаннан кейін алып кетті", - деп жазды Людмила Экзархова
Облыстық ІІД өкілдері бұл деректі растады, оның анасы іздестіріліп жатыр екен.
"Нәрестенің Кеңгір ауылындағы қоқыс контейнерінен табылуы дерегі бойынша, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрде тіркелді. Оның анасын анықтауға және ұстауға барлық шара жүргізіліп жатыр, тергеу жүріп жатыр", - деді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
Дереккөз: Тengrinews.kz