Атырау, 29 қараша 08:39
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Мақсат Ілиясұлының 10 тәулікке қамалғаны хабарланды

1 965 просмотра

Астана қаласында сот азаматтық белсенді Мақсат Ілиясұлын 17 мамыр күні кешке 10 тәулікке қамау жөнінде шешім шығарды. Соның алдында белсендіні әкімшілік полиция өкілдері алып кеткені айтылды,- деп хабарлады Азаттық.

Оған "рұқсат етілмеген наразылық акциясына шақырды" деген айып тағылған. Бұл туралы белсендінің жұбайы Мәдина Азаттыққа хабарлады. Оның айтуынша, Мақсат Ілиясұлына қарсы қылмыстық іс қозғалған. Әзірге бұдан басқа мәлімет хабарланбаған.

Жер реформасы туралы республикалық комиссия мүшелігіне алынып, оның алғашқы отырысына қатысқан белсенді соңынан комиссия жұмысынан бас тартқан еді.

16, 17 мамыр күндері Қазақстанның бірнеше қаласында басқа да азаматтық белсенділерге ескерту жасалып, олардың кейбірін полиция ұстаған.

Жер мәселесіне қарсы наразылық күшейгеннен кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 5 мамырда жерді жекешелендіруге және шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беруге мораторий жариялаған. Алайда әуелгі 21 мамырда жер реформасына қарсы митингі ұйымдастыру бастамасы сонда да талқыланып келеді. Билік болса, "арандатуға баратындарды" жазалау керектігін мәлімдеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

18 мамыр 2016, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған