ОҚО-да полицейлер әкесінен ақша алу үшін өзін ұрлағаны туралы оқиға құрастырған жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Qamshy.kz ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2016 жылғы 10 мамырда ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына «Ватсап» арқылы оның 1988 жылы туылған ұлын белгісіз біреулер заңсыз ұстап отырғаны, жәбірленушіден 20 мың АҚШ долларын талап еткені туралы хабарлама алғанын айтып, Шымкенттің 53 жастағы тұрғыны жүгінеді.
Бұл факті Бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК 126-бабы (заңсыз еркіндігінен айыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сол күні кешкі сағат 21.00 шамасында жедел іздестіру шаралары барысында ОҚО ІІД ҰҚКБ қызметкерлері 8 шағын аудандағы көп қабатты үйлердің ауласынан 28 жастағы жас жігітті ұстады.
Тергеу барысында полицейлер заңсыз еркіндігінен айыру фактісін растаған жоқ. Жас жігіт танысына ірі сомада қарыз болғандықтан, әкесінен 20 мың АҚШ долларын алу үшін өзін ұрлағаны туралы оқиғаны ойдан құрастырған болып шықты.
Қазіргі сәтте полицейлер істің мән-жайын анықтауда. Сот алды тергеу басталды.
Дереккөз: Qamshy.kz