Атырау, 29 қараша 01:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қала ішімен «екі піл» өтеді

Бейнежазба
3 416 просмотра

22 мамырда таңертеңгі уақытта Атырау қаласында көлік қозғалысы шектелетін болады. Бұл туралы «Саренс Казахстан» көлік компаниясының менеджері Азамат ІЗТЕЛЕУОВ хабарлады.

Бұл қала көшелерімен ірі габаритті жүкті оны дайындаушы «Атыраунефтемаш» ЖШС зауытынан бастап, оны құрастыратын «АМӨЗ» ЖШС-не тасымалауға байланысты орын алып отыр.

«Атыраунефтемаш» ЖШС зауыты Элеваторный көшесінде орналасқан, неліктен жүкті тікелей – Говоров көшесімен апармайды деп сұрақ қойған едік. Ізтелеуов бұл маршрут бойынша жүкті тасымалдауға «АЖЭО» АҚ магистралды жылу тұрбаларының кедергі келтіретінін айтты.

Дұрысырақ айтқанда, «Саренс» екі «пілді» - ұзындығы 37 метрден, ені мен биіктігі 7 метрден, салмағы 220 тоннадан болатын цилиндр тәріздес сыйымдылықтарды тасымалдайтын болады.

Тасымал тетікпен басқарылатын, өздігінен жүретін екі платформаның көмегімен жүзеге асырылады.

Колоннаның қозғалу бағыты: Элеваторный көшесі, Сырым Датов көшесі («Дина» базарына қарай бұрылыс), әйелдер колониясы маңында Сатыбалдиев (бұрынғы Осипенко) көшесіне шығу, Махамбет – Сатыбалдиев қиылысы, қаладағы «Рахат», «ІІД», «Сауран» маңдары, Азаттық даңғылында «Молекула» айналма жол тармағынын Әуезов көшесіне АМӨЗ жаққа қарай айналу.

Колоннаның қозғалыс жылдамдығы сағатына 3-5 шақырымды құрайды. Тасымалдауды таңғы сағат 6-да бастап, сағат 11-де аяқтау жоспарланып отыр. Жол-патрульдік полиция қызметі колоннаның жақындауына қарай көліктер қозғалысын тоқтататын болады.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті ұсынған А. Ізтелеуов

17 мамыр 2016, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.