Атырау, 27 сәуір 03:05
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жүйеден тыс жемқорлық

3 200 просмотра

Image 1Әліпқали ДӘУЛЕТЬЯРОВОблыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Әліпқали ДӘУЛЕТЬЯРОВҚА қатысты үкім шығарылды.

Тергеу дәлелдеріне сәйкес, Ә. Дәулетьяров ЖШС-лердің бірінің директорынан ЖШС қызметкерлеріне қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау бойынша оқудан өткендігі туралы куәліктер мен сертификаттарды жеделдетіп бергені үшін заңсыз сыйақы алған.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, №2 Атырау қалалық соты Дәулетьяровты ҚР ҚК-нің 366-бабы («Пара алу») бойынша кінәлі деп танып, оған 11 млн теңге көлемінде (алынған параның 40 есе көлемі) айыппұл салуға үкім шығарған. Сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік лауазымда жұмыс істеу құқығынан айрылды.

Естеріңізге салсақ, наурыздың аяғында Дәулетьяров пен оның бастығы Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Салауат ИШАЙДЫ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері үнемі пара алып, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан пара алудың қылмыстық сызбасын жасайды деген күдікпен ұстаған болатын. Сол кезде осы мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, «С.Ишай мен Ә.Дәулетьяров лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланып, жүйелі түрде қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша оқудан өткендігі туралы куәліктер мен сертификаттарды кедергісіз және жеделдетіп бергені үшін және алға қарай қамқорлық таныту үшін жүйелі түрде пара алып отырған. Олардың ішінде шетелдік азаматтар да бар.

Аталған тұлғалардың өздерінің сыбайлас жемқорлық сызбаларын 2014 жылдан осы уақытқа дейін жүзеге асырып, әрқайсысының айлық қылмыстық табысы оқыған тұлғалардың санына байланысты 300 мыңнан 400 мың теңге аралығында болғаны анықталды».

Алайда, тергеу материалдары бойынша көрініп отырғандай, екі жағдайда да айыптаулар кейінірек жеке-дара фактілерге құрылған. Яғни, қылмыстық сызба құрды және жүйелі түрде пара алды деген ауыр айыптаулар алынып тасталды.

Олар бір уақытта қамауға алынып, бір бап бойынша айыпталса да, іс материалдары бөлек қаралды. Сәуірде Атырау қаласы прокурорымен жасалған іс жүргізу келісімінің нәтижесінде Ишайды сот 366-бап бойынша кінәлі деп тауып, 8,8 млн теңге көлемінде айыппұл жазасына кескен болатын.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

18 мамыр 2016, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.