Атырау, 8 маусым 19:59
 дождьВ Атырау +26.7
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Доссордағы перрон төрт жылдан бері тұралап тұр

107 рет қаралды

Мақат ауданы Доссор поселкесіндегі теміржол перроны "сақалды" құрылысқа айналған. Төрт жылға созылған құрылыстың аяқталмауы жолаушыларға қиындық туғызып тұрған көрінеді. 

- Жылдар бойы теміржол перроны жөндеу көрмегендіктен жолдардың әбден тозығы жетті. Жөнделеді деп құрылысы басталғанда қуанып едік, енді ескісіне зар болып қалдық. Қолыңдағы жүгіңмен поездан перронға түскенде нағыз сорақы жағдай күтіп тұрады. Әсіресе, түнде түскенде құлап-сүрініп жүргенің. Перрон құрылысы қашан бітеді, төрт жылдан бері бітпей тұрған не нысан бұл, - деп ашынады тұрғындар. 

Айтса айтқандай, перроның жарықтандырылуы мен төсемтас төсеуді ұтып алған мердігердің шала ісі сағызша созылып кеткен. Жылдар өте құрылыс материалдары қымбаттап бағаға өзгеріс енген. Жоба құны 290 млн теңге, мердігер - "ТАИР" ЖШСІ. 

"Ақиқат" қоғамдық қорының төрағасы, жергілікті белсенді Ғазиз Ғабдуллин әкелініп жатқан құрылыс материалдарына сын айтты. Мәселен, төсемтастардың бетіне бояу жағылған, ол кез-келген уақытта өңін жоятынын, мердігер мекеме құрылыс материалының сапалылығына назар аудару керектігін, сонымен қатар жұмыстың осыншама жылдар бойына созылуына жергілікті аудандық ТҮКШ бөлімі мердігерден талап ете алмандығынан болып отыр деді. ТАИР" ЖШС-і жарықтандырумен бірге 2009 текше метрге төсемтас төсеуі қажет. 

- Доссор кентіндегі перроның құрылысы мердігер мекеменің белгісіз себептерге сай құрылыс жұмыстарын уақтылы жүргізбеуіне сәйкес, тапсырыс беруші тарапынан сотқа жүгіндік. Мердігерді жосықсыз қатысушы деп тану жөнінде талап еткенбіз. Бүгінде сот процесі және мемлекеттік сатып алу порталы арқылы келісім шартты біржақты бұзу жұмыстары жүргізілуде,-дейді аудан әкімінің орынбасары Бекбол Әбуов. 

Естуімізше мердігер құрылыс жұмысына қайта кірісіпті. Бірақ "биыл перрон құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі" дегенге күмән мен күдік көп.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.